3358

«Абыройыңды айрандай төгіп»: Балжан Бидаш өзін сынға алған оқырманына жауап берді

Әнші тілін шығарып, аяқ көтергені үшін ұрыс естіп қалды.

«Абыройыңды айрандай төгіп»: Балжан Бидаш өзін сынға алған оқырманына жауап берді
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде сән апталығында түскен суретін жариялап, елдің ашуын тудырды. Өнер иесі өзін сынға алған оқырманына бірден жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды. 

Балжан Бидаш елдің қызу талқысын тудырған фотоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Онда шоу-бизнес жұлдызының аяғын көтеріп, "тілін шығарып" тұрғанын көруге болады.

"Кешірім сұраймын. Бұл бір секундқа "ұстап қалды", - деген жазба қалдырды ол.

Балжан Бидаштың Stories-i. Скриншот: Instagram/bidash_official 

Желі қолданушыларының бірі әншінің бұл әрекетін аса ерсі санап, оған жағымсыз пікірін жолдаған.

"Тілін шығарғаны несі? Масқара. Абыройыңды айрандай төгіп", - деген хабарлама жолдаған оқырман.

Балжан Бидаш көп күттірмей, өзін сынға алған желі қолданушысына бірден жауап берген.

"Достар, осы суреттен кейін абыройым айрандай төгілді ма не", - деп жазды әнші. Балжан Бидаштың Stories-i. 

Скриншот: Instagram/bidash_official 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор