1316

«Адам басына 5000 теңге»: Дәулет Мұқаев туған күнінде әріптестерінің қалай құттықтайтынын айтты

Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев жаңа жасын әріптестерінің арасында қарсы алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

«Адам басына 5000 теңге»: Дәулет Мұқаев туған күнінде әріптестерінің қалай құттықтайтынын айтты
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Парламенттегі ең жас депутат 32 жасқа толып жатыр. 

“Алтын әріптестерімнің құттықтауы. Біздің әлеуметтік-мәдени даму комитетінде ең қарапайым, халыққа ең жанашыр депутаттар жиналған деп 100% сеніммен айта аламын. Ең бастысы, біздің комитетте жан бар, әзіл, сыйластық-достық, коммуникация бар. Ең жас депутат болсам да, әріптестерімнің маған деген құрметі ерекше. Қарапайымдылығымыз бір төбе, өткен жылы туған күнге 1500-2000 теңгеден жинайтын едік, биыл адам басына 5000 теңге қылдық. Басқа комитет депутаттары арасында бізге прикол ұстайтындар бар. Есесіне, бізде бәрі шынайы. Өмірде қалай бар, солай өмір сүру керек. Аман болыңыздар, аға-әпкелер. Аллам абыройдан айырмасын!”, – деп жазды мәжілісмен. 

Сонымен қатар халық қалаулысы басшылықтағы әріптестерінің құттықтауын да жариялап ризашылығын білдірді. 

“Ең жас әріптесіміз Дәулет Төлеутайұлының туған күні. Шын жүректен құттықтаймыз. 32 жасында доктор атағын алып жатыр. Өте белсенді депутат. Депуттаттық сауалдарды жиі жолдап, елдің мәселесін көтеріп жүрген жандардың бірі. Су тасқыны кезінде де көмек көрсетіп, халықпен бірге болып, мұң-мұқтажын тыңдады. Жариялап беріп жатқан көмегі қаншама?! Біз білмейтін қаншама қаржы аударып жатыр”, – деді Асхан Аймағамбетов. 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор