«Әйелі бір бүйрегін берген»: Ләйла Сұлтанқызы астаналық азаматтың таңғажайып оқиғасын бөлісті (видео)

Аиса Махамбет Редактор
05.05.2024, 10:32
1606
«Әйелі бір бүйрегін берген»: Ләйла Сұлтанқызы астаналық азаматтың таңғажайып оқиғасын бөлісті (видео) бейнежазбадан алынған кадр

Сенбіліктегі Ләйлә Сұлтанқызы ерекше тағдырлы астаналық тұрғынды көрсетті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астана қаласында сенбілікке шыққан Ләйлә Сұлтанқызы жергілікті тұрғынның бастан өткен оқиғасын бөлісті. Тележүргізушіге көмектесу үшін келген азаматқа әйелі бір бүйрегін берген екен. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазды.

Тележүргізуші оқиғаның басты кейіпкерін Instagram желісіндегі парақшасында таныстырды.

"Осы іс-шараға көмектесуге келген жігітпен таныстырсам деп отырмын. Есімі Бекболат. Осыған дейін әріптесім Ерқанат Көпжасар сюжет әзірлеп, деректі фильм түсірген екен. Бұл кісіге келіншегі бір бүйрегін берген", - дейді Ләйлә Сұлтанқызы.

Астаналықтың айтуынша, оның ота үстелінен оралғанына 4 айдың жүзі болған.

"Гемодиализден құтылғаныма 4 ай болды. Келіншегімнің есімі Сәбира. Қазір үш қызымыз бар. Мұны екінің бірі істей бермейді. Келіншегімнің ісі - нағыз ерлік. Әйеліме өмір бойы риза болып өтемін. Әке-шешесіне осындай қызды тәрбиелеп, менің тағдырыма жолықтырғанына алғыс айтамын. Жар таңдаудан қателеспеу деген осы шығар", - дейді Бекболат.

 

Ләйлә Сұлтанқызының сөзінше, жергілікті тұрғынға әйелінің бүйрегі 86 пайыз сәйкес келген.

"Ағамның бүйрегі 45 пайыз сәйкес келді. Сонымен денсаулығына байланысты бола алмады. Кейіннен донор таппай, ұзақ жүрдік. Келіншегім негізі 2020 жылы осы ауруды естіген кезде бүйрегін беруге келіскен. Бірақ үлкендер бір отбасынан екі мүгедек болмасын деген ниетпен қарсылық танытқан еді.

Бұл ауру бір жағынан емделгенімен, екінші жағынан шаршатады. Осы уақытқа дейін жүрегім ауырып, екі рет ауруханаға жатып шықтым. Содан келіншегім үлкендерді тыңдамай, бүйрегін беру туралы шешім қабылдады", - деді Бекболат есімді азаматтың өзі.

Ал Ләйлә Сұлтанқызы сенбілікке келген оқырманын әкімдік қызметкері деп ойлап қалған.

"Қасымда бір ер адам көмектесіп, кәдімгідей жұмыс істеп жүрді. Әкімдіктен келген азамат шығар деп ойладым. Кейін таныса келе, оқиғасын тыңдап, көңілім босап кетті. Төрт ай бұрын жасалған бүйрек трансплантациясы сәтті болып, жақында қайта жұмысқа шығады екен", - деді тележүргізуші өз жазбасында.

Көпшілік Бекболатқа ұзақ ғұмыр тілеп, ақ тілегін жаудырды.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)