1008

Қазақстанда 7 пайыздық ипотекаға 1 триллион теңге берілді

"7-20-25" бағдарламасын іске асыру аясында 1 трлн теңгеден астам сомаға қарыз берілді. KAZ.NUR.KZ 7 пайыздық ипотеканы қанша адам алғанын анықтады.

Қазақстанда 7 пайыздық ипотекаға 1 триллион теңге берілді
ашық дереккөзден

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда түрлі ипотекалық бағдарлама бар. Олардың кейбіреулері, мысалы, "Наурыз" және "Отау" 2024 жылдың көктемінде ғана іске қосылды. Дегенмен бұған қарамастан елімізде бұрынғы "7-20-25"жеңілдетілген тұрғын үй бағдарламасы жұмыс істеп тұр.

ҚР Ұлттық банкінің мәліметінше, 2024 жылғы 2 мамырдағы жағдай бойынша, «7-20-25» бағдарламасын іске асыру аясында 1 трлн теңгеден астам сомаға 73 811 қарыз берілді.

Ең көп ақша Астанада игерілді – 423,3 млрд теңгеге 26 759 несие. Одан кейін Алматы – 234,6 млрд теңгеге 15 017 несие. Шымкентте 68,1 млрд теңгеге 5 455 несие беріліп, қалған сома Қазақстанның басқа аймақтарына бөлінді.

 
"7-20-25" бағдарламасы
"7-20-25" бағдарламасын жүзеге асыру. Дереккөз : ҚР Ұлттық Банкі

"7-20-25" бағдарламасы келесі шарттарда жұмыс істейді:

  • қарыз алушының жеке баспанасы болмауы керек;
  • бастапқы тұрғын үйді ғана сатып алуға болады;
  • сыйақы мөлшерлемесі – 7%;
  • бастапқы жарна – 20%;
  • несие мерзімі – 25 жылға дейін;
  • тек Қазақстан азаматтары ғана қатыса алады.

Еске сала кетейік, бағдарламаны ұзарту туралы шешім 2022 жылдың соңында, бастапқы 1 триллион теңгелік шек "таусылғанға" дейін қабылданған еді. Оны жүзеге асыруға жылына қосымша 100 миллиард теңгеден бөліне бастады.

Материал авторы