1171

Бишімбаев ісінде медсарапшы болған Тахир Халимназаровтың биі желіні шулатты (ВИДЕО)

Тойда асаба Бишімбаевтың сотындағы сарапшы маман Тахир Халимназаровқа оның әділдігі үшін сыйлық берді.

Бишімбаев ісінде медсарапшы болған Тахир Халимназаровтың биі желіні шулатты (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, экс-министр Бишімбаевтың сотында медсарапшы болған Тахир Халимназаровтың тойдағы биі көпшілікті сүйсінтті. Бұл туралы KYN.KZ ақпарат агенттігі жазды. 

Аталмыш видеоны асаба Бекзат Аманқос әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Бейнежазбадан эксперт маман 4 сыйлыққа ие болғанын көруге болады. Берілген үш сыйлықтың бірі – «Бишімбаев ісіне қатысты» болса, қалған екеуі «шаш үлгісі» мен «өмірде бар» болғаны үшін табыс етілді.

Әлеуметтік желі қолданушылары Тахир Халимназаровты аңыз адам атап, барлық сыйлыққа ие екенін жарыса жазуда.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор