Әйелінің тегін алған қазақстандық жігіт көпшіліктің талқысына түсті

Аиса Махамбет Редактор
05.05.2024, 14:30
1164
Әйелінің тегін алған қазақстандық жігіт көпшіліктің талқысына түсті жеке парақшасынан

Қазақстанның заңнамасына сәйкес ерлі-зайыпты некеге тұрғанда бір-бірінің тегін ала алады. Әрине, мұндай тәжірибе елімізде сирек кездеседі. Дегенмен бұл шешімді саналы түрде қабылдайтын отбасылар да бар. Осы орайда қазақстандық ерлі-зайыптылар бір-бірінің тегін алғаны туралы TikTok әлеуметтік желісінде хабарлады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Әділет пен Аружан 2022 жылы үйленіп, некелерін қос фамилиямен тіркеген. Әділеттің айтуынша, бастапқыда Азаматтық хал актілерінің жазбалары кеңсесі (АХАЖ) қос текті тіркеу мүмкін емес екенін айтқан. Stan.kz басылымы жас отбасыдан неге мұндай шешімге келгенін сұрап білді. 

"Біз ешкімді ренжітпес үшін осындай ортақ шешімге келдік. Оған екі нәрсе себеп болды. Біріншіден, "әйел тұрмысқа шыққаннан кейін күйеуінің тегіне көшуі керек" дейтін дәстүр біз үшін тым ескірген әрі қажетсіз болып көрінді. Әрине, бұл тек біздің пікіріміз. Мен адамдардың таңдауын құрметтеймін. Шынайы еркіндік дегеніміз – адамдардың өзіне ыңғайлыcын әрі қалағанын жасай алуы. Себебі әйел өмір бойы өз аты мен тегі үшін жұмыс істейді. Олар тұрмысқа шыққаннан кейін дипломы мен біліктілігін растайтын құжаттарын, жарияланымдарын өзгертіп жүруге міндетті емес. Сол себепті қос тек алу туралы ортақ шешімге келдік", – деді ол.  

Әділет жары екеуі мансап пен беделі үшін көп жұмыс істегенін, сол себепті екеуінің де тегін сақтауды жөн көргенін жеткізді. 

“Қос тек керемет әрі ерекше! Жігітіммен осы мәселені талқыладық, алдағы уақытта осылай жасауды жоспарлап отырмыз. Әйелім екеуміздің әлемге, феминизмге және теңдікке көзқарасымыз ұқсас. Сондықтан бұл – біз үшін қисынды шешім, әрі нақты таңдау. Бұл шешімімізге ата-анамыз да байсалды қарады. Қайын атам қуанды. Ал ата-анам таңғалды. Алайда олар менің өмірге деген либералдық көзқарасыма үйренген. Бір қызығы, Халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қос текті алуға болатынын білмейді. Құжаттарымды ауыстыруға барғанда олар мені түсінбеді. Мен "үйлендім, тегімді ауыстыруға келдім" десем таңданыспен қарады. Қызметкерлер, "әйел ғана тегін ауыстыру керек емес пе? Сен не үшін келдің" деп айтты", – деді Әділет. 

Желі қолданушылары, ерлі-зайыптының бұл шешіміне түрлі пікірін қалдырып жатыр. 

“Күйеуім екеуміз өзіміздің тегімізде қалдық. Меніңше, әйел серіктесінің тегін алу деген ортағасырлық түсінік сияқты. Ерінің тегінде қалу, оның меншігіне айналу сияқты көрінеді”, “Тамаша! Достар, қос тек алғандарды жек көрудің қажеті жоқ. Әркімнің өз таңдауы бар және әр таңдау өзінше әдемі”, “Қандай әдемі. Осының арқасында шынайы махаббат бар дегенге көзім жетті”, – деді желі қолданушылары. 

Айта кетейік, әділет министрлігінің мәліметінше 2023 жылы 164 ер адам некеге тұрғанда жұбайының тегін ортақ тегі ретінде таңдаған. Сондай-ақ әр қазақстандық 16 жастан бастап атын, әкесінің атын және тегін өзгертуге өтініш бере алады.

Заңнамада мұндай қадамға келесі дәлелді себептер көрсетілген: 

  • атының, әкесiнiң атының, тегiнiң оғаш естiлуi;
  • атының, әкесiнiң атының, тегiнiң айтуға қиындық келтіруі;
  • егер некені (ерлі-зайыптылықты) мемлекеттік тіркеу кезінде некеге дейiнгі тектерінде қалса, жұбайымен ортақ текте болғысы келген жұбайдың тілегі;
  • егер неке (ерлі-зайыптылық) бұзылған кезде бұл туралы мәлімделмесе, некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
  • бұрынғы некеден (ерлі-зайыптылықтан) туған балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
  • жұбайы қайтыс болған жағдайда некеге дейiнгi тегiн алғысы келуі;
  • жұбайы қайтыс болған жағдайда өтiнiш берушi некеге дейiнгi тегiнде болғанда, балаларымен ортақ текте болғысы келуі;
  • өтініш беруші таңдаған ата-аналарының бірінің ұлтына (ата-аналарының ұлты әртүрлі болған кезде) сәйкес келетін атты және (немесе) текті алғысы келуі;
  • құжаттардағы атынан өзгеше, өмірде нақты қалыптасқан атын алғысы келуі;
  • егер некелескен (ерлі-зайыпты болған) кезде жұбайының тегі қабылданса, некеге дейінгі тегін алғысы келуі.
Досымжан Таңатаров мінген көліктің дөңгелегі тасжолда ұшып кеткен (ВИДЕО) Айжұлдыз Адайбекова тағы да ана атанбақ (ВИДЕО) Антикор шенеуліктен тәркілеген зәулім үйді көрсетті: Қайтарылған мүлік кімге беріліп жатыр? «4 жастағы інім де шындықты айтып отыр»: Марқұм келіншектің 7 баласы өз әкелерін соттауды талап етті «Қанатты қалам – 2025» — Сыр өңірінің БАҚ өкілдеріне арналған тағзым мен тағылым жиыны «Ермұхамед Мәуленнің сөзінде шындық бар» – Футбол федерациясының президенті Айтбек Амангелді Qantar қорына өзі хабарласып, ақша сұраған боп шықты «Жүйені өзгерту керек»: 12 үйі бола тұра мемлекеттен ақшалай көмек алып келген отбасы анықталды Tele2 компаниясы 517 миллиард теңгеге арабтарға сатылды Ер адам 89 жастағы анасына күтім жасамас үшін оны өлтіріп тастады Хаменеи атысты тоқтату туралы бітімді жоққа шығарып, Иранды жеңісімен құттықтады Елімізде балалар боғауыз сөз айтқаны үшін ата-аналар жазаланады «100 мың рубльді итке лақтырғандай берді»: Соғыстағы ресейлік сарбаздар жаппай қатерлі ісікке шалдығып жатыр Енді қазақ тіліндегі өнімі аз телеарналар жазаланады Индонезияда қазақстандықтар өлім жазасына кесілуі мүмкін Биыл қандастардың 45%-ы Қытайдан келген Ресейде ғалымдарға қысым күшейді: ФСБ Қытайлық «тыңшыларға» іздеу салды Павлодарда ер адам әйелін өлтіру үшін 3 млн теңгеге киллер жалдаған Руслан Берденов Respublica партиясынан неге кеткенін түсіндірді Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды