Димаштың Будапешт қаласындағы концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен адам келді

06.05.2024, 10:43
975
Димаштың Будапешт қаласындағы концертін тамашалауға әлемнің 77 елінен адам келді dimashnews.com

4 мамырда Будапештте  Stranger туры аясында Димаштың алғашқы жеке концерті өтті

Венгрияның ең үлкен алаңы Ласло Паппа атындағы спорт аренасы адамға толы болды. Будапештке Димаштың концертін тамашалау үшін әлемнің 77 елінен адам  келді, деп жазды dimashnews.com.

Әр елде өткізілетін Димаш шоуы халықаралық мерекеге айналып жатыр. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі әнші жанкүйерлері қалаға алдын ала келіп, бір-бірімен танысып, дәстүрлі pre-party стилінде кездесу ұйымдастырады.

Будапешттегі концертте еуропалық авторлардың "GOLDEN" және "S. O. S D ' un TERRIEN EN DÉTRESSE" шығармалары Қытай және жапон композиторларының "battle of MEMORIES", "JUST LET it BE" және "AUTUMN STRONG" секілді туындыларымен үйлесе орындалды. 

Димаштың гастрольдік турының басты міндеттерінің бірі – көрермендерді Қазақстанның дәстүрлі және заманауи мәдениетімен таныстыру. "Дүрдараз" халық әні, "Адай" күйімен қатар сахнада белгілі отандық авторлар Еділжан Ғаббасовтың "FLY AWAY", Джордан Аракелян, Айгүл Бажанова мен Мұңайдар Балмолданың "Махаббат бер маған" және Димаштың інісі Әбілмансұрдың "TOGETHER" атты алғашқы композиторлық шығармалары шырқалды. Димаштың "Stranger" туры Венгриядағы әншінің жеке концертімен өз жалғасын тапты.

Димаш Құдайбергеннің келесі концерті 24 мамырда Ыстамбұл қаласында туған күніне орай өткізіледі. 

«Ине мен ойыншықтар таптым»: Айжұлдыз Адайбекова өзіне жасалған сиқыр қастандық туралы ашық айтты (ВИДЕО) Танымал блогер Фариза Төреәлі қайын атасына көлік сыйлап, елдің мақтауын естіді (ВИДЕО) «Бергеннен кейін тастамаймыз»: Жұлдыз Әбдікәрімова бесінші сәбиін асыға күтіп жүргенін айтты Шымкентте балабақша күтушісі 3 жасар баланы ұрып-соққан (ВИДЕО) Ауғанстанның Кош-тепе су каналы құрылысы Арал теңізінің экологиялық дағдарысын ушықтыруда Семейде КамАЗ жүргізушісі велосипедшіні қағып өлтірді Ақмола тұрғынын әйелі құтқарып қалды Атышулы судьяның өлімі: Айгүл Сайлыбаеваны енесі өлтірді деген күдікке ілінді 5 жасар туған қызын суға тұншықтырып өлтірген ана өз еркімен полицияға берілді Алматыда зейнеткерлерді тақырға отырғызған тұрғын ұсталды «Көреалмаушылықтан кетті»: 17 жастағы қыз «жанкүйері» берген торттан уланып өлді Чехияда Ресейдің тапсырмасымен автобус өртеген колумбиялық азамат сотталды «1380 теңге шығынның аз бөлігін жабады»: Онлайн-той ұйымдастырғандар салық төлеуге міндетті Екі күн бұрын лауазымынан кеткен Руслан Жақсылықовтың қамауға алынғаны жалған боп шықты Қытаймен ынтымақтастықтың әлеуеті мен тәуекелі «Ешкім хабарласқан жоқ»: Шерзаттың отбасына уәде етілген баспана үшті-күйлі жоқ (ВИДЕО) Ресей «иноагент» туралы заңды күшейтті: Енді айыппұлдан кейін бірден қылмыстық іс қозғалады Шымкентте ата-анасын ажыратпақ болған қыз әкесінің қолынан зардап шекті Шерзаттың сотын онлайн 40-тан астам ел көрген Ресейлік продюсер АҚШ-та даяшы болып жүрген қазақ әншіге қолдау көрсетті (ВИДЕО)