ШҚО-да қараусыз қалған 2 жасар бала суға батып кетті
Ата-анасының қарауынсыз қалған бала суға батып кетті.
Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.
ТЖМ мәліметінше, қайғылы оқиға Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында болған. 2022 жылы туған бала ата-анасының қарауынсыз қалып, Садыр көліне құлап, батып кеткен.
ТЖМ ата-аналардан балаларды қараусыз қалдырмауын сұрайды. Балаларды су айдындарында ойнауға жібермеу қажет.