«Айбын» орденінің І дәрежесіне неге Бауыржан Момышұлы емес, Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді

06.05.2024, 13:01
536
«Айбын» орденінің І дәрежесіне неге Бауыржан Момышұлы емес, Сағадат Нұрмағамбетовтің есімі берілді Коллаж: Kazinform

Бұл туралы kazinform хабарлады.

Сәуірдің соңында Парламент депутаттары «Айбын» орденінің үш дәрежесіне қазақтың үш батырының есімін беруге қатысты заңға өзгерістерді мақұлдады. Мұны өткен жылы Мемлекет басшысы Түркістандағы Ұлттық құрылтайда ұсынған. Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Kazinform тілшісіне берген сұхбатында «Айбын» орденінің I дәрежесін Сағадат Нұрмағамбетовтің есімімен, II дәрежесін Бауыржан Момышұлының, III дәрежесін Рахымжан Қошқарбаевтың есімімен атаудың мәнін түсіндірді.

Мәжілісмен алдымен әлемдегі тәжірибеге тоқталды. Ол ешбір елде бір орденнің үш дәрежесін үш адамға бөліп беретін дәстүр жоғын айтты.

Айбын орденінің үш дәрежесін қазақтың үш батырына бөліп берудің символикалық мәні бар. Біріншіден, бір орденді үш адамға бөліп беретін дәстүр әлемде жоқ. Мысалға, Ресейді алып қарасақ, Кутузов не Суворов орденінің екі дәрежесі де бір адамның атында. Украинада Богдан Хмельницкий орденінің бірнеше дәрежесі болса да, бір адамның атында. Түркияда да Ататүріктің атындағы орден солай, – деді Ермұрат Бапи.

Депутат қазақтың әлемге танылған даңқты батыры көп, алайда әрқайсына орден беру мүмкін емес екенін де атап өтті.

Қазақтың даңқты батыры көп. Бас-басына орден тағайындай беру мүмкін емес. Сондықтан Президенттің бұл шешімі символикалық тұрғыдан өте дұрыс, – деп атап өтті ол.

Дегенмен бұл заң нормасы ұсынылғаннан кейін қалың көпшілік батырлардың есімін атаудың мәнін сұрады. Кейбір қазақстандық «Неге І дәрежеге Бауыржан Момышұлының аты берілмеді» деген сұрақ қойды. Ермұрат Бапи батырлар есімін «үлестірудің» мәнін түсіндірді.

Бірінші дәрежелі орденге Сағадат Нұрмағамбетов есімінің берілу себебі, ол – қазақтан шыққан тұңғыш армия генералы. Қазақстанда армия генералы өзі екеу-ақ. Біреуі – Сағадат Нұрмағамбетов, екіншісі – Мұхтар Алтынбаев. Сондықтан І дәрежесін Сағадат Нұрмағамбетовке арнауы дау тудырмауы керек. Бірінші дәрежелі орденмен тек қана қолбасшылар марапатталады. Генералдан жоғары дәрежесі бар әскери лауазым иелері алады. Сол себепті І дәрежелі «Айбын» ордені әскери үлкен қолбасшылық лауазымдағы әскерилерге беріледі.

Екінші дәрежесі Бауыржан Момышұлы атындағы болып тағайындалуының да себебі бар. Бауыржан Момышұлы соғыста дивизия командирі болған кезінде майор шенінде еді, кейін подполковник болды. Ал, екінші дәрежелі «Айбын» ордені – орта офицерлерге тағайындалатын награда. Сондықтан ол әскердегі орта шен – полковник, подполковниктерге беріледі. Ал, ІІІ дәрежелі орден кіші офицерлерге беріледі. Қошқарбаев соғыс кезінде капитан дәрежесінде болғандықтан, оның әскери шеніне қарай тағайындалған награда, – деп түсіндірді депутат.

Сондай-ақ, мәжілісмен батырларды бір-бірімен таластыруға қақымыз жоғын атап өтті. Ол «мұны уақытпен, белгілі бір саяси жағдайлармен салыстырып қарауымыз керек» дейді.

Бірақ біздің батырларды бір-бірімен таластыруға қақымыз жоқ. Әрине, Сағадат Нұрмағамбетовпен салыстырғанда Бауыржан Момышұлының әдеби тұлғасы кеңінен танылды. Содан кейін оны Сағадат Нұрмағамбетовтен «жоғары» деп ойлаймыз. Егер Сағадат Нұрмағамбетовтің әдеби тұлғасын сол кезде жазушылар немесе өзі жазғанда ол әлемдік дәрежедегі қолбасшы болып кетуі мүмкін еді. Сондықтан мұны уақытпен, белгілі бір саяси жағдайлармен салыстырып қарауымыз керек. Сондай-ақ, Бауыржанға бірінші дәрежелі берілмеді деп айту – әскери салада сауаты жоқ адамдардың айтатыны. Бауыржанды алға шығарып, Мәскеуді қорғаған, Панфилов дивизиясының полк командирі болған деп жоғары көтереміз. Бірақ тарихи тұрғыдан келгенде Сағадат Нұрмағамбетовке бірінші дәрежесін беру – заңдылық. Себебі ол тәуелсіздік кезінде Қазақстанның қарулы күштерін құрған. Тәуелсіз Қазақстан қарулы күштерінің алғашқы құрылымдарын жасаған. «Спецназдан» (арнайы жасақ – ред.) бастап үлкен әскери құрамаға дейінгі құрылымдарды құрған, қолбасшылық дәрежедегі азамат. Одан қалды, Бауыржан Момышұлының есімін ІІ дәрежелі орденге беру оның дәрежесін төмендетпейді, – деді ол.

Депутат мемлекеттік органдар тарапынан бұл орденге батырлардың есімін берудің мәні «дұрыс насихатталмай» жатқанын тілге тиек етті.

Сондықтан мемлекеттік органдар мұны тиісті дәрежеде түсіндіре алмай жатыр. Әлде айтатын адамы жоқ, әлде өздерінің айтуға жететін түйсігі жоқ. Шындап келгенде, бұл үш дәрежелі орден Қазақстанның соңғы 80 жылдық тарихына, соғыстың тарихына, екінші дүниежүзілік соғыстың тарихына әділетті берілген баға деп қабылдау керек. Сол тұрғыдан насихатталмай жатыр, – деді ол.

Сонымен қатар, мәжілісмен жастардың патриоттық сезімін арттырамыз десек алдағы уақытта басқа ордендерге батырдың есімін беруді ұсынды. Дегенмен ол «әр рудың батырының» атына орден бере алмайтынымызды да ескертті.

Бұл – батырлардың атымен аталатын алғашқы ордендер. Ал, егер біз елдің, әсіресе жастардың патриоттық сезімін оятамыз десек, Керей мен Жәнібектен бастап, жерімізді сақтау үшін күресіп, елге танылған Абылай, Әбілқайырларды, Қабанбай, Бөгенбайларды дәріптеуіміз керек. Ежелгі тарихымыздың тұлғаларына да уақыт келе тағы үш-төрт батырдың атымен орденді атауға болады. Тарихи тұрғыдан түйсіне білуіміз қажет. Батырларымызды бағалау - міндет. Қазақта «жау жоқ деме, жар астында» дейді ғой. Әлдеқандай бір қатерлі күн туса, біздің елді, жерді қорғайтын азаматтарға стимул, мотивация болатындай батырлардың атындағы марапат болуы керек. Сол тұрғыдан сараңдық танытпағанымыз жөн, – деп түйіндеді депутат.

Айта кетейік, былтыр Түркістанда өткен Ұлттық құрылтайда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Айбын» орденінің үш дәрежесін батырлардың есімімен атауды ұсынған. Бұл туралы биылғы наурыздағы құрылтайда да атап өтті. Мемлекет басшысының айтуынша, бұл отаншылдықты және ұлттық бірегейлікті нығайтуға ықпал етеді.

Елімізде әскери және күштік құрылым қызметкерлеріне арналған «Айбын» ордені бар. Осы мәртебелі орденнің түрлі дәрежесін Сағадат Нұрмағамбетовтің, Бауыржан Момышұлының және Рақымжан Қошқарбаевтың есімімен атаған жөн деп санаймын. Бұл тарихи әділдікті қалпына келтіру жолындағы маңызды қадам болмақ. Сол арқылы қаһармандарымыздың ерлігін ұрпақ жадында жаңғыртамыз. Бұл бастама осы марапаттың мазмұнын байыта түседі. Халқымыздың біртуар перзенттеріне тән ерлік рухы осы ордендердің мәртебесін биіктетеді. Сондай-ақ награда иегерлеріне Отанымызға қалтқысыз қызмет етуге ерекше жігер береді. Мен бұған кәміл сенемін, – деген Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы Құрылтайда.

Сол кезде Президент мемлекеттік наградалар жүйесін жетілдіру үшін нақты шаралар қолға алынып, Республикалық комиссия айналысып жатқанын айтқан.

Сөйтіп комиссиямен қатар депутаттар да іске кірісіп, орденге батырлардың есімін беру мәселесін көтерді. 17 сәуірде мәжілісмендер Мемлекеттiк наградалар туралы заңға енгізілетін өзгерістер мен түзетулерді қабылдады. Араға апта салып сенаторлар «Айбын» орденін даңқты батырлардың есімімен атауға қатысты заңды мақұлдады. Депутаттар заң қабылданса, даңқты батырлардың жауынгерлік ерліктерін мәңгілік есте қалдыру, сондай-ақ жалпыұлттық сананы, қазақстандық азаматтық бірегейлікті нығайтуға, әскери-патриоттық тәрбиені дамытуға ықпал етуге септігін тигізетінін атап өтті.

Атыраудағы 4 жасар баланың өлімі: Балабақша директоры мен тәрбиешінің бас бостандығы шектелді «Барлық бала ана үшін бірдей»: Гүлзира Айдарбекова еш жерде көрсетпеген отбасылық фотоларды жариялады 74 жастағы ақсақал қауіпті трюктер жасап, көпшілікті таңғалдырып жүр (ВИДЕО) «11 жасымда мешітке барып, намаз оқыдым»: Әнші Луина балалық шағынан сыр шертті Апелляциялық сот 3 жасар қызды мүгедек қылды деген Ақтөбе ауруханасын ақтап жіберді Танымал виолончелист Болат Тыныбеков мезгілсіз өмірден өтті Абай университеті Гонконг Қытай университетімен ынтымақтастықты нығайтуда «Маған тым қатал болды»: Жазира Байырбекова енесі өмір бойы әкімдікте еден жуғанын айтты Атыраудағы мал сою цехінде 18 жастағы өзбек жұмысшыдан қауіпті дерт анықталды Қорғаныс қамы: Төңіректің тынысы және Астананың жойғыш ұшақтар жаттығуы «Ата-анасы зорланғанын білсе де, көмектеспеген»: ағайынды ұл-қыздың зорлануына қатысты сұмдық жайттар белгілі болды «Қалыңдық party өткіздік»: Айгүл Иманбаева құрбыларының тосынсыйын көрсетті (ВИДЕО) Сары уайымға салынған салымшылар: ММ Group басшысы не дейді? Баян Алагөзова: «Кішкентайларды міндетті түрде қазақ мектебіне беремін» Қандастарымыздың басым бөлігі Қытай елінен оралған Олигарх Тимур Құлыбаев бас прокуратураны сотқа берді Трамп жынысын ауыстырғандарды әскер қатарынан қуып жатыр Кеше Ақтөбедегі әскери бөлімде қайтыс болған сарбаздың анасы үндеу жасады (ВИДЕО) «Қалаулымға» қатысып танымал болған қазақ файтері қырғыз қарсыласынан оңбай жеңілді (ВИДЕО) АҚШ-тан елге пошта арқылы есірткі жеткізіп отырған астаналықтар 18 жылға сотталды