Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады

06.05.2024, 15:20
563
Михаил Ломтадзе әлемдік деңгейдегі балалар футбол академиясын құрады canva.com

Ағылшын футбол Лигасының келісімін алғаннан кейін Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» (Wycombe Wanderers) ағылшын футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі әрі серіктесі болды.

Аikyn.kz хабарлауынша, Ағылшын футбол Лигасының келісімін алғаннан кейін Михаил Ломтадзе «Уиком Уондерерс» (Wycombe Wanderers) ағылшын футбол клубының директорлар кеңесінің мүшесі әрі серіктесі болды, оның негізінде 3 жылдың ішінде Қазақстан мен Англияда филиалдары бар әлемдік деңгейдегі футбол академиясы құрылады. Қазақстандағы инвестициялардың жалпы мөлшері 10 миллиард теңгеден асып жығылады.

Михаил былайша түсіндіріп өтті:

«Қазақстан мен Англияда әлемдік деңгейдегі кәсіби балалар футбол академиясын құру менің жеке үлкен арманым еді, онда ең үздік әрі талантты жас футболшылар мен болашақ жұлдыздар тәрбиеленеді. Академияда оқу толығымен тегін болады, жас спортшылар еліміздегі және футболдың отаны – Англиядағы ең үздік жаттықтырушылардан оқып-үйренуге мүмкіндік алады.

Футбол – бұл спорттық шеберлікті шыңдауға зор әлеуеті бар бұқаралық ойын-сауық спорт түрі және көптеген елдерде зор мақтаныш көзі. Біздің футболды заманауи технологиялар мен жасанды интеллект мүмкіндіктерін қолдана отырып, инновациялық бизнес құрудағы менің тәжірибемді пайдаланып, жаңа деңгейге көтеруге болатынына сенімдімін. Біз қазақстандық футбол үшін әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды тәрбиелей аламыз деп үміттенемін.

Кез келген футбол академиясы оқушыларының арманы – футбол клубының негізгі құрамында ойнау. Сондықтан футбол клубы жоқ академияның табысқа жетуге мүмкіндігі де жоқ. Қарапайым тілмен айтқанда, сіз академияда жаттығып, икем-дағдыларыңызды жетілдіресіз, ал клубтың негізгі құрамында ойнауға мүмкіндік жоқ. Мен оны өзгертуді жоспарлап отырмын, өйткені клуб түлектерімізге мүмкіндік беруді көздейді, олар үшін үлкен футболға жол ашатын орын болмақ».

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды