Елордада Run for Autism қайырымдылық жарысы өтеді

06.05.2024, 17:25
899
Елордада Run for Autism қайырымдылық жарысы өтеді

18 мамыр Астана қаласында аутизм мәселесіне назар аудару мақсатында болатын жыл сайынғы «Run for autism» қайырымдылық жүгірісі өтеді.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Жиналған қаражат «Болашақ» қорының www.bolashakcharity.kz «Әр бала мектепке баруға лайықты» бағдарламасы аясында аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларды қолдауға бағытталатын болады.

Жүгіріске қатысу үшін кәсіби спортшылар, жүгірушілер, блогерлер, БАҚ өкілдері, ерекше балалар мен олардың ата-аналары шақырылады.

 Жүгіріс төрт қашықтықта өтеді:

•          1 км – 5 990 теңге.

•          2,5 км – 6 990 теңге.

•          5 км – 7 990 теңге.

•          10 км – 8 990 теңге.

Шарттары:

-     Әр қатысушы жарысқа тек бір қашықтықта қатыса алады.

-     Әр санатта бірінші, екінші және үшінші орын алған жарыс жеңімпаздары дипломмен марапатталады.

-     Мәреге жеткендердің барлығына жынысына, жасына және таңдаған қашықтығына қарамастан медаль беріледі.

-     Ерекше қажеттіліктері бар балаларды тәрбиелеп отырған отбасы мүшелері жүгіріске тегін қатысады.

Іс-шара аясында ерекше балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізіледі.

Жүгіріске қатысушылар арасында Samsung Galaxy S 24 смартфондары, «Argymaq» премиалды брендінен құны 250 000 теңге сертификаттар, «Coffee Day» әлемдік кофеханалар желісінен құны 15 000 теңге және 20 000 теңге сертификаттар, «Templ» фитнесс орталығынан жылдық абонемент және тағы басқа бағалы жүлделер ұтысы өткізіледі. 

Орны мен күні: Астана қ. Триатлон паркі 2024 жылғы 18 мамыр старт сағ.08:00-де.   

Қашықтықтар бойынша жүгіріске тіркелу: https://runforautism.kz/sign-in 

«Көңілді старттар» эстафетасына тіркелу:

https://forms.gle/TYDwPw39WFpATLMZ7   

 

 

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді