772

Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурорлар қазақстандықтарды мерекемен құттықтады

Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурорлар Айжан Аймағанова мен Саяхат Нұрбеков қазақстандықтарды Отан қорғаушы және Жеңіс күні мерекесімен құттықтады

Бишімбаев ісі бойынша танылған прокурорлар қазақстандықтарды мерекемен құттықтады
Бейнежазбадан

Бұл туралы Бас прокуратура хабарлады.

Бас прокуратураның Instagram-дағы ресми арнасында прокурорлар Саяхат Нұрбеков пен Айжан Аймағанованың қазақстандықтарға арналған видеоқұттықтауы жарияланды.

"Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері және қазақстандықтар! Астана қаласы прокуратурасы сіздерді шын жүректен 9 мамыр Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтайды. Сіздерге бақ-береке тілейміз. Елімізде әрдайым бейбітшілік пен тыныштық болсын", - деді Саяхат Нұрбеков құттықтау сөзінде.

Сонымен қатар прокурор Айжан Аймағанова барлық ер азаматты Отан қорғаушы күнімен құттықтады.