994

Қызылорда облысында жүк пойызы 11 қойды қағып кетті

Қызылорда облысында жүк пойызы 11 қойды қағып кетті.

Қызылорда облысында жүк пойызы 11 қойды қағып кетті
Александр Павский/Kazinform

Оқиға Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы № 26 разьезд аумағында болған.

Жүк пойызының машинисі темір жолда ұсақ малдың болуына байланысты шұғыл тежеуді басқан. 

«Оқиға барысында 11 бас қой поездың астына түскен. Жоспарланбаған пойыз тұрағы 10 минутты құрады. Тексеру барысында Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері қойлардың иесі 32 жастағы азаматты анықтады. Ер адам теміржолға бөлінген жолақта мал жаю ережесін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды» деп мәлім етті Қызылорда станциясындағы желілік полиция бөлімінен. 

Көлік полициясының қызметкерлері шаруа қожалықтарының иелеріне қауіпсіздік шаралары туралы тағы да ескертеді.

Теміржол маңында мал жаю кезінде мұқият болуды сұрайды.