Қанат Бозымбаев Ақмола облысының баспанасыз қалған тұрғындарын тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды

07.05.2024, 18:35
521
Қанат Бозымбаев Ақмола облысының баспанасыз қалған тұрғындарын тамыз айының ортасына дейін қоныстандыруды тапсырды Үкіметтің баспасөз қызметі

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановпен су тасқыны салдарын жою бойынша кеңес өткізді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Кеңеске бизнес өкілдері:  Verny Capital  ЖШС бас директоры Айдан Ақанов және  Integra Construction  ЖШС басшылығы Андрей Ким мен Құдрат Шамиев қатысты. Аталған компаниялар басқа демеушілермен бірге аймақты қалпына келтіруге атсалыспақ. Ақмола облысында барлығы 1 817 үй су астында қалды, оның 359-ы апатты деп танылса, қалған үйлер жөндеуге болатын баспаналар санатына жатады.

«Өңірдегі үйлерді жөндеу мен салуға барлығы 10,5 млрд теңге қажет. Оның 5 млрд теңгесін Kaspi Bank, 1 млрд теңгесін RG Gold компаниялары бөледі. Алдағы уақытта шамамен 4 млрд теңге табу қажет. Әкімдіктің алдына 15 тамызға дейін су тасқынынан зардап шеккен Ақмола облысының барлық тұрғындары жөнделген және жаңадан салынған немесе сатып алынған үйлерге кіруі тиіс деген міндет қойылды. Жұмыс кестесі бар, мердігерлер анықталып, барлық тиісті қаражат бөлінетін болады», – деді вице-премьер Қанат Бозымбаев.

Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды су басқан аймақтардан көшіру үшін Атбасар ауданының Атбасар қаласында 45 пәтерлі екі тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Сонымен қатар Бұланды және Жарқайың аудандарында 87 жеке үй салынбақ.

«Біз ТЖ режимі жарияланған өңірлерде: Көкшетауда – 89, Жарқайың ауданында – 27, Есіл ауданында – 22, Астрахан ауданында – 34 және Жақсы ауданында   10 дайын пәтер мен үйлерді сатып алатын боламыз. Қауіпсіз аймақта барлығы 182 үй сатып алу жоспарланып отыр», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов.

Сондай-ақ жергілікті билік облыстың жол және инженерлік инфрақұрылымын қайта жаңғыртуы керек. Бұл мақсаттарға Үкімет резервінен қаражат бөлінеді. Вице-премьердің тапсырмасы бойынша, автожолдарды, көпірлер мен электр желілерін қалпына келтіру жұмыстары шілде айында аяқталуы тиіс.

Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты