Астанада әскери оркестр қала тұрғындары алдында өнер көрсетті

08.05.2024, 09:39
649
Астанада әскери оркестр қала тұрғындары алдында өнер көрсетті Астана әкімдігі

Отан қорғаушылар күні аясында Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының Орталық әскери оркестрі астаналықтарға өнерлерін көрсетті.

Бұл туралы smartnews.kz хабарлап отыр.

Қалыптасқан дәстүр бойынша әскери музыканттар елорданың халық ең көп жиналатын орталық саябағында өнер көрсетіп, қала тұрғындары мен қонақтарын Отан қорғаушы күнімен және Жеңіс күнімен құттықтады.

ҚР Қарулы күштерінің бас әскери дирижері, подполковник Алмас Ибрагимовтің сөзінше, Орталық әскери оркестр ұжымы мұндай жиындарға ерекше мән береді.

«Бүгінгі жиын елордада алғаш рет емес және соңғы рет деп айтуға болмайды. Ылғи да оркестр халық көп жиналатын орындарда, саябақтарда және түрлі ойын-сауық орталықтарында өз өнерлерін көрсетіп жатыр. Жалпы оркестірімізде 34 адам бар. Олар бүгін танымал композицияларды орындайтын болады. Жалпы мұндай жиындар қала тұрғындарының патриоттық сезімдерін оятады. Бұл жолы да әскери музыканттар тыңдаушыларға мерекелік көңіл-күй сыйлай алды деп толық сеніммен айтуға болады»,- дейді ол.

Бас дирижердің айтуынша, әскерилер бір сапта тұрып ән орындау үшін ұзақ уақыт дайындалады.

«Әскери оркестр мұндай жиынға 2-3 аптадан бастап 2-3 айға дейін уақытта дайындалады. Ол орындайтын композицияның күрделілігіне байланысты. Оркестрге кез келген әскери адамды ала алмаймыз. Ол үшін азаматтың кем дегенде орта музыкалық білімі болуы керек. Одан бөлек үрмелі немесе соқпалы аспаптарда ойнай алуы керек»,- дейді бас дирижер Алмас Ибрагимов.

Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген