Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінің кеңесшісі жұбайы Карина Мамаштың елге қайтуы үшін рейс ұйымдастырылып, оған балалары тапсырылған.
“НеМолчи.kz” қорының желідегі парақшасында Каринаның алғыс айтқан аудиожазбасы жарияланды. Мұнда ол ризашылығын білдіріп, қазір бәрі жақсы екенін алға тартқан.
"Осы іске қатысқандардың барлығына алғыс айтқым келді. Атап айтқанда Дина Смайыловаға, НеМолчи.kz қорына, Эльнара Байназароваға, Қазақстан СІМ және СІМ қызметкерлеріне көп рахмет!", - деді ол.