710

Қазақстанның ең жас автошабандозы жол апатынан қаза тапты

Қайғылы оқиға туралы STK Sokol автодромының өкілдері Instagram желісінде жариялады.

Қазақстанның ең жас автошабандозы жол апатынан қаза тапты
STK Sokol

Қазақстандағы ең жас автопилот саналған Анатолий Кин 16 жасында жол апатынан қаза тапты. Жасөспірім әкесімен бірге Алматыдан Павлодарға үйіне қайтып келе жатқан, деп жазады 1bol.kz ақпарат агенттігі.

Ол Павлодар қаласының тұрғыны еді

"Павлодарға барар жолда болған жол апаты бәріміз үшін үлкен трагедияға айналды. Онда біздің чемпионаттың ең талантты әрі ең жас пилоты қаза тапты", - деп жазылған аталған ақпаратта.

Александр Кин өткен аптада Алматыда болған street-drift жарысына қатысқан екен. Бұл туралы жасөспірімнің өзі әлеуметтік желіде фотосурет жариялаған.

Марқұм өз жастығына қарамастан жазғы және қысқы автожарыстарда бірнеше рет ел чемпионы атанған.