"Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды

08.05.2024, 17:45
990
"Зейнетақысын алып қойған": Алматыда ер адам анасын аяусыз ұрып-соққан үшін қамалды НеМолчи

Қарияның айтуынша, ұлы еш жерде жұмыс істемейді.

Алматыда өзінің қарт анасын аяусыз ұрған тұрғын 10 тәулікке қамалды. Бұл туралы “НеМолчи” қорының  негізін қалаушы Дина Таңсәріге сілтеме жасап KYN.KZ тілшісі хабарлайды. 

Ер адам соңғы рет 1 мамырда анасын аяусыз сабаған. Тіпті оның зейнетақысын қолынан алып қойып отырған көрінеді.

"Айқайлаған дауысқа көршілері дауыстың қай жақтан шығып жатқанын іздеген. Пәтерді тауып, ішке кірмек болған кезде ер адам қашып кетпек болған. Үйге үнемі есікті сындырып кіретіндіктен есік әбден бұзылған", – делінген хабарламада.

Қарияның айтуынша, ұлы еш жерде жұмыс істемейді. Баласының бұл әрекетінен шаршаған зейнеткер бұған дейін де полицияға бірнеше рет шағым түсірген. 

"Денсаулыққа зиян келтіру фактісі бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалып, құқық бұзушы 10 тәулікке қамауға алынды. 13 мамырда Медеу аудандық азаматтық сотында оны маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеу мәселесі бойынша сот отырысы өтеді", – делінген Алматы полиция департаментінің хабарламасында. 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды