Көліктің терезесін сындырған: Ақтаулық келіншек бұрынғы күйеуінің аңдып жүргенін айтып, полицейлердің әрекетсіздігіне шағымданды

Аиса Махамбет Редактор
09.05.2024, 19:17
674
Көліктің терезесін сындырған: Ақтаулық келіншек бұрынғы күйеуінің аңдып жүргенін айтып, полицейлердің әрекетсіздігіне шағымданды бейнежазбадан алынған кадр

Ақтаулық келіншек бұрынғы күйеуі оны аңдып, қорқытып жүргенін айтып дабыл қақты. Сөзінше, қорғау тәртібі бұйрығын ер адам бірнеше рет бұзса да, құқық қорғау органдары қажетті шараларды қабылдаған жоқ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Арайлым Әлібаева 13 жыл күйеуімен некеде болған. Осы жыл ішінде ол бірнеше рет жұбайының соққысына түсіп, тұрмыстық зорлық-зомбылық, эмоционалды, экономикалық қысымға ұшыраған. Мұндай қорлыққа шыдамай, 29 ақпанда күйеуінен қашып, бөлек пәтер жалдаған. 

“Ол үнемі ұрып-соғып, салдарынан есімді жоғалтатынмын. Үстіме су құятын, өмірімнің бәрі көз алдымнан өтті. Балалар да куә, кенже балам әбден қорқып, шымылдықтың артына тығылатын”, – дейді келіншек. 

Бөлек кетсе, де күйеуі оған маза бермеген көрінеді. Барлық жерде бұғаттаса да, Kaspi арқылы аз ақша аударғандай боп “менімен тілдес”, “бәрібір де кездесеміз” деген хабарламалар жібереді дейді.

5 наурызда бұрынғы күйеуінен қорғау тәртібі туралы бұйрық шыққан. Алайда ер адам бұл бұйрықты бірнеше рет бұзыпты. 6 наурызда хабарламалар жазып, ал 9 наурызда әйелдің көлігінің терезесін сындырған.

“Ол бірнеше рет қауіпсіздігімді бұзды. Бірақ Маңғыстау облыстық құқық қорғау органдарында таныстары бар. Полицейлер қорғау тәртібі бұйрығын бұзуына қатысты істі қозғаған да, қайтадан қысқартып тастаған. Неге екені белгісіз. Маңғыстау облыстық прокуратурасы мұны заңсыз деп таныды”, – дейді Арайлым.

1 сәуірде сот ер адам ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік айыппұл салды. Десе де қорғау тәртібін бұзғанға қатысты әкімшілік іс қозғалмапты. 9 мамырда істің мерзімі өтеді. 

Амалы таусылған әйел “Немолчи” қорына жүгініпті.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)