Украина президенті Владимир Зеленскийді өз күзетшілері өлтірмек болды

10.05.2024, 09:16
1166
Украина президенті Владимир Зеленскийді өз күзетшілері өлтірмек болды Reuters

Украинаның президенті Владимир Зеленскийдің өміріне қауіп төніп, бір өлімнен қалды.

Қайта сайланған Ресей президентін ұлықтау рәсіміне тосын сый ретінде Украина лауазымды тұлғаларының көзін жою жоспарланған көрінеді. Украинаның қауіпсіздік қызметі қастандықтың жолын кесті деген ақпарат тарады.

Украина мемлекеттік күзет қызметінің екі бірдей полковнигі құрықталған. Олар президентке қастандық жасауға дайындалды деген күдікпен ұсталған. Украинаның барлау қызметі қастандықты Ресейдің арнайы қызметі ұйымдастырған деп мәлімдеді.

Ресейдің барлау қызметі Украина мемлекеттік күзет қызметінің полковниктерінің көмегімен үш адамның көзін жоймақ болған. Олар президент Зеленский, Украина қауіпсіздік қызметінің басшысы Василий Малюк, және Украина барлау бас басқармасының басшысы Кирилл Буданов. Ресей арнайы қызметі алдымен Кирилл Будановты өлтіруді жоспарлапты. Оны Ресей президентің ұлықтау рәсімімен тұспа-тұс кезде жүзеге асырмақ еді делінеді. Будановтың өлімімен Президентті ұлықтау рәсіміне сыйлық жасалмақ болған екен. Генерал Кирилл Буданов үйге кірген сәтте үстінен ракеталық соққы, одан кейін дронмен соққы, соңынан тағы да ракетамен соққы бермек болыпты.

Мемлекеттік күзеттің әлгі екі полковнигінің көмегімен Зеленскийді кепілге алу, соңынан өлтіруі жоспарланған көрінеді. Негізі бұл әрекетке дайындық ерте бастан басталыпты. Тіпті соғыс бастала салысымен, 2022 жылдың ақпан-наурыз айларында жоспар түзілген. Бұл ішін Ресей арнайы қызметінде Украина билігінің жанында жүрген мемлекеттік күзет қызметінен адам табу мәселесі қойылған екен.

Сөйтіп, Украина қауіпсіздік қызметі президент Владимир Зеленскийді және елдің басқа да жоғары басшыларын өлтіру жоспарын әшкерелеп отыр. Украинаның арнайы қызметі Ресей билігін қастандық дайындады деп айыптады. Украина Бас прокурорының кеңсесі әлгі адамдар Украинаға қарсы диверсиялық іс-шаралар жүргізуге ақшалай сыйақы үшін көмек көрсеткенін айтты.

Украина қауіпсіздік қызметінің мәліметінше, әлгі полковниктер президент пен басқа лауазым иелерінің жүрген-тұрған жерлерін бақылап, Ресейдің арнайы қызметіне ақпарат беруі керек болған екен. Содан кейін кірген үйлерінің үстіне полковниктер берген координаттары бойынша зымыран соққысы жоспарланыпты. Одан кейін дрон соққысы, сондай-ақ тағы бір зымыран соққысы жасалуы керек болған.

Ресей арнайы қызметінің президент пен жоғары әскери-саяси басшылық өкілдерін өлтіру жоспарын Украина қауіпсіздік қызметі бұзғаны айтылып жатыр. Ресей арнайы қызметі Мәскеуден басқарып жүргізген жүйенің агенттері болған екі полковник  құпия ақпараттарды беріп отырғаны мәлімдемеде келтірілген. Ресми Киев президент Зеленскийге қастандық бұған дейін де бірнеше рет жасалмақ болғанын айтады. Ақпараттарда президентке қастандық соғыс бастала сала жиі жоспарланып келгені келтірілген.

Украина президентіне қастандық жиі ұйымдастырылып келетіні жазылып жүр. Өткен айда ғана Украина мен Польшаның прокуратуралары бірлесіп, Ресей арнайы қызметінің Зеленскийді өлтіру жоспарына көмектеспек болған адамды ұстағаны хабарланған еді. Ал өткен жылы Президент Зеленскийді өлтіру мақсатындағы қастандыққа қатысы болған әйел адам ұсталған. Ол әйел Зеленскийдің Киев қаласынан өзге аймаққа баратын сапарының бағыт-бағдарын бүге-шігесіне дейін зерттеп хатқа түсіріп жүргені белгілі болған. 

Әңгімеміздің арасында Зеленскийге қастандық ұйымдастыру 2022 жылдың ақпан айынан бері жүргізіліп келе жатқанын айттық. Сол жылдың наурыз айында Зеленскийді өлтіруге бұйрық беріліп, бұл іске 2 мыңнан 4 мың адамға дейін қамтылғаны жазылған еді. Оларға Кремль қомақты сыйақы уәде еткен көрінеді. Көзі жойылуы тиіс адамдардың тізімінде Зеленскийден бастап Украинаның жоғары лауазымды 23 адамы болыпты. Сол кезде таратылған ақпараттарда Украинаның барлау қызметі бұл әрекетті дер кезінде байқап қалғаны айтылды. Коменданттық тәртіп енгізіп, қастандықтың алдын алғаныжайлы ақпарат тараған.

Бұл жолғы қастандық та мұқият дайындалған болса керек. Алайда қастандықты орындауы тиіс делінген екі полковник ұсталып, жоспарлары жүзеге асырылмады. Украинаның қауіпсіздік қызметі мықты боп шықты.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді