ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім бекітіледі

11.05.2024, 09:45
649
ҚР Үкіметі мен БҰҰ арасындағы келісім бекітіледі ашық дереккөзден

Әр әскери қызметші үшін ай сайын 1448 АҚШ доллары.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қорғаныс министрлігі «2024 жылғы 14 ақпандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлінуді бақылау жөніндегі күштеріне (UNDOF) ресурс ұсынатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға хат алмасу нысанындағы келісімге қол қою туралы» НҚА жобасын дайындады.

Үкімет қаулысының жобасы БҰҰ миссиясында (UNDOF) Қазақстан Республикасының бітімгерлік контингентін өрістету жөніндегі қаржылық мәселелерді реттеу мақсатында әзірленген келісім жобасын мақұлдау мақсатында әзірленіп отыр.

Біріккен Ұлттар Ұйымы өзара түсіністік туралы меморандумға сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне персонал шығындарын өтейді (әр әскери қызметші үшін ай сайын 1448 АҚШ доллары).

ҚР Қарулы күштері әскери қызметшілерінің бітімгерлік миссияларға қатысуын ынталандыру және сапалы қызмет өткеруін қамтамасыз ету мақсатында БҰҰ-ның персонал үшін төлемдерін тікелей әскери қызметшілердің өздеріне жүзеге асыру ұсынылады.

Үкімет қаулысы жобасының толық мәтінімен «Электрондық үкімет» порталында ағымдағы жылдың 24 мамырына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15041665 

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады