«Әпкесін де ұрған»: БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі күйеуінен ұзақ жылдар бойы қалай азап шеккенін айтып берді

11.05.2024, 17:15
1044
«Әпкесін де ұрған»: БАӘ-дегі елші кеңесшісінің әйелі күйеуінен ұзақ жылдар бойы қалай азап шеккенін айтып берді бейнежазбадан алынған кадр

БАӘ-дегі Қазақстан елшісінің кеңесшісі Сәкен Мамаштың әйелі КТК телеарнасына дипломат жұбайының көп жылғы азаптаулары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 10 жыл бойы күйеуінің жүйелі таяқ жегені туралы Карина Мамаш 6 мамырда әлеуметтік желілерде мәлімдеді.

Қазір әйел балалары, әпкесі және анасымен бірге Астананың дағдарыс орталығында.

"Мен қазір өзімді қауіпсіз сезінемін. Жанымда балаларым, анам, әпкем бар. Енді ғана жаным жай тапқандай болды, өйткені көптеген жылдар бойы қорқынышпен өмір сүріп келдім. Ешқайда бармадым. Бұл жағдайды оның кейбір туыстары білді. Жиені екеуі мұрнымды тіккізу үшін ауруханаға апарған. Әрине, олар менің артық ештеңе айтпауымды бақылап отырды. Мен кетемін деп айтқан жоқпын. “Егер мені ұруды тоқтатпасаң, барлығын желіде жайып саламын, түрмеге кетесің” деп айттым. Ол күліп: "маған бәрібір" деді”, – дейді Карина Мамаш. 

Елші кеңесшісінің әйелінің айтуынша, бір күн бұрын жұбайы оны ғана емес, оларға қонаққа келген әпкесін де ұрған. Басына қатты соққыдан кейін Каринаның беті-аузы көгеріп, көру жағынан мәселелер туындаған.

Каринаның айтуынша, отбасындағы зорлық-зомбылық туралы оның жақын достары ғана білген, ол бәрін туыстарынан жасырған. Сондай-ақ ұрып-соғу некенің алғашқы күндерінен-ақ басталғанын атап өтті. Күйеуі көбінесе агрессивті жүріп, мас болған кезде де қолын көтерген.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Сәкен Мамашты шетелден шұғыл түрде шақырып алды. Астана полициясы қылмыстық іс қозғады.

"Барлығы әйел шетелде тұрса сән-салтанатта өмір сүреді деп ойлайды. Айталық, әйелдер дипломаттарға өте тәуелді, өйткені оларға шетелдік іссапарларға, әйелдер мен балалардың өзімен бірге тұруына төленетін "жәрдемақы" деген ұғым бар. Ал бұл қаржының барлығы әйелдің емес, жұбайының картасына түседі. Яғни, шетелде әйелдің жеке қаражаты жоқ. Сондықтан олар күйеуіне экономикалық тұрғыдан тәуелді", - деді "Қорғау Астана" қорының басшысы Анна Рыль.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады