Қазақстандық әйел жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етті

11.05.2024, 20:37
1073
Қазақстандық әйел жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етті nur.kz

Байқоңыр қаласының тұрғыны сот отырысында жалғыз ұлын өлтірген сотталушыдан 10 миллион теңге өндіруді талап етіп, арызданған. Бұл туралы Қызылорда облысының соттары жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қызылорда облысының соттары Facebook парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, талап қоюшы жалғыз ұлынан айырылуына байланысты сотталушыдан моральдық зиянды өндіріп алуды талап етіп, Байқоңыр қалалық сотына жүгінген.

 "Арызданушы өзінің талабында жауапкер В. Қылмыстық кодекстің 99 бабы 1-бөлігінде көзделген қылмыс жасағаны үшін Ақмола облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен 12 жылға бас бостандығынан айырылғанын, жауапкер В. ұлын өлтіргені үшін кінәлі деп танылғанын көрсеткен. Қылмыстық іс аясында талап қоюшы жәбірленуші деп танылған", - деп жазылған іс материалдарында.

Бұл ретте қылмыстық іс бойынша азаматтық талап берілмеген еді. Алайда әйел сотта жауапкердің қылмыстық әрекетінен зардап шеккенін, жалғыз ұлынан айырылғанын айтып, 10 млн теңге мөлшерінде моральдық зиян өндіруді сұрады. 

"Жауапкер қазіргі уақытта үкім бойынша жазасын өтеп жатқанын, жазаны өтеу кезеңінде жұмыспен қамтамасыз етілмегенін және моральдық зиянды өтеуге материалдық мүмкіндігі жоқ екенін түсіндіріп, талап қоюшыға моральдық зиянды мүмкіндігінше төлейтінін айтты", - делінген хабарламада.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады