"Тозақта өмір сүрдім": Қазақстандық әйел күйеуінен көрген зорлық-зомбылықты Бишімбаев ісімен салыстырды

12.05.2024, 11:14
906
"Тозақта өмір сүрдім": Қазақстандық әйел күйеуінен көрген зорлық-зомбылықты Бишімбаев ісімен салыстырды бейнежазбадан алынған кадр

Ақтау тұрғыны жұбайының зорлық-зомбылық жасап, қудалауына байланысты Қазақстанның құқық қорғау органдарынан көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Арайлым есімді әйел өз оқиғасын БАҚ-қа айтып, видео жариялады. Онда ол барлық құқық қорғау органдарынан күйеуінен қалай қорғануды білмейтінін айтып, көмек сұрайды. 

Айтуынша, ол жұбайымен 13 жыл бірге тұрған. 

"Білесіздер бе, мен Бишімбаевқа қатысты сот процесін көріп, таңғалдым. Оның не айтатынын алдын-ала білген сияқтымын. Даусы, сөйлеу мәнері. Мұндай адамдар бірдей өмір салтын ұстанып, бірдей ойлау қабілетіне ие бола ма? Өз басым тозақта өмір сүрдім. Одан 2023 жылы кеткім келді, бірақ үш кішкентай балам бар еді. Ол мені ата-ана құқығынан айырамын деп қорқытты, аңғал және жас болдым. Қорыққанымнан қайтып келдім. Ақырында одан таяқ деп ауруханаға түстім", - дейді Ақтау тұрғыны.

Жұбайымен ақырғы кездесуінің соңы Арайлым үшін ауруханаға түсумен аяқталған. Наурызда ер адамға әйеліне жақындауға тыйым салатын қорғау нұсқамасы туралы үкім шыққан. Алайда бұл оны тоқтатпапты. 

"9 наурызда күйеуім Ақтау әуежайынан келе жатқанымда ізімнен түсіп апатты жағдай туғызды. Соның салдарынан мен тоқтауға мәжбүр болдым. Ол көлігіме жақындап келіп, есікті ашуымды талап етті. Қоқан-лоққы көрсетіп, бейәдеп сөздерін айтты. Мен есіктерді жауып алдым. Ол көп ойланбастан жүргізуші жақтағы әйнекті бір ұрып, сындырды", - дейді әйел.

Айтуынша, жанында құрбысы отырған. Ол болған жағдайдың бәрін видеоға түсіріп отырған. Оқиға орнына полиция келгенде, Арайлым орнынан қозғала алмаған. Жүргізуші орындығында есін жия алмай, біраз уақыт жылап отырып қалған. Осы кезде құрбысы полицейлерден жедел жәрдем шақыруларын өтінген, бірақ олар асықпаған. 

"Полиция қызметкерлері менің жағдайымды көре тұра, асықпай, шамамен 10 минуттан кейін ғана қоңырау шалды. Онымен (күйеуі – авт) сыпайы түрде сөйлесті. Ол мені тіпті полиция тұрса да қорқытудан жасқанбады. Құрбым жағдайға араласып еді "жеке отбасылық өмірге араласпауын және арандатушылық тудырмауын" сұрады. Ал маған орнымнан тұрып, көліктеріне барып, арыз жазуым керек деді. Мен стресс пен суықтан дірілдей бастадым, бүкіл денем құрысып қалды. Бұл қорқынышты түс секілді. Жедел жәрдем келгенде ғана есім жиылғандай болды”, - деді Арайлым.

Әйелдің айтуынша, кейінірек ол ауруханада жатқан кезде полицейлер келіп, қорғау нұсқамасының бар екенін білмейтіндерін мәлімдеген. Алайда оның бар екені видеода бірнеше рет айтылған.

Арайлым өзін қорғау туралы туралы өтініш пен хаттарды барлық инстанцияларға, тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы қорларға және ел президентіне жіберген. Ол өзінің видео үндеуінде соққыға жығылған суреттерін жариялады.

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады