Өзбекстан президентінің күйеу баласы таққан 2 миллион доллар тұратын сағат қызу талқыға түсіп жатыр

12.05.2024, 19:17
980
Өзбекстан президентінің күйеу баласы таққан 2 миллион доллар тұратын сағат қызу талқыға түсіп жатыр yep.uz

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің күйеу баласы Отабек Умаровтың қолына таққан сағаты әлеуметтік желіде қызу талқыланып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Мирзиеевтің күйеу баласы Өзбекстан президенті күзет қызметі бастығының орынбасары қызметін атқарады. Умаровтың сағаты бар суретін блогер Санжар Ходжи жариялады. Бұл туралы yep.uz басылымы мәлімдеді.

Президенттің күйеу баласының таққан сағаты Richard Mille RM UP-01 Ferrari брендіне тиесілі. Оның құны 1,8-ден 2 миллион долларға дейін және коллекция саны шектеулі.

Блогер мемлекеттік қызметкерге мұндай қаражат қайдан келуі мүмкін деген таңданысын жеткізді. Сондай-ақ ол сағат құнының Өзбекстанның 32 мың тұрғынының зейнетақысына тең екенін атап өтті.

"Жалақысын қарапайым салық төлеушілер төлейтін мемлекеттік қызметкер Отабек Умаровтың сағатының құны 1 миллион 880 мың доллар. Бұл күнін әрең көріп отырған 32 932 зейнеткердің ай сайынғы зейнетақысы. Салық төлеушілердің жалақысына күн көретін мемлекеттік қызметкер мұндай сағатты қалай сатып алған?" – деді блогер Санжар Қожа.

Отабек Умаров 39 жаста. Ол Өзбекстан президентінің қызы Шахноза Мирзиееваның жолдасы. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап Өзбекстан Республикасы Президентінің Мемлекеттік күзет қызметі басшысының орынбасары қызметін атқарды.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды