Су үздіксіз көтеріліп жатыр: Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асты (ВИДЕО)

12.05.2024, 19:53
4610
Су үздіксіз көтеріліп жатыр: Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асты (ВИДЕО) qr_tjm

Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асып түсті.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстан ТЖМ елдегі су тасқынына қатысты мәлімет ұсынды. Оған сәйкес, Атырау облысының екі ауданында Жайық деңгейі шектік белгіден асып түсті. Бұл туралы ведомствоның Telegram желісіндегі парақшасы жазды. 

ТЖМ мәліметіне сүйенсек, Атырау облысында су тасқынына қарсы үйінді бөгендер Жайық өзенінің арнасынан шығуын тежейді. Ал құтқарушылар тәулік бойы Қорғаныс құрылыстарының жай-күйіне мониторинг жүргізуде. Еліміздің төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Жайық өзенінің ағысымен Каспийге қарай төмен түсіп, қорғаныс бөгендерін көзбен шолып тексерген.

"Соңғы 5 күн ішінде аймаққа су келуде. "Қазгидромет" РМК гидрологиялық мониторинг деректері бойынша 12 мамыр сағат 09-00-дегі жағдай бойынша Жайық өзеніндегі су деңгейі:

Атырау - 538 см. Тәулігіне + 5 см. 

Индербор ауданы 1033 см. Тәулігіне +7 см.

Махамбет ауданы 955 см. Тәулігіне +16 см", - делінген ТЖМ хабарламасында. 

Сондай-ақ ведомство Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет су бекеттерінде деңгей шектік белгіден асып түскенін хабарлады. Судың одан әрі артуы күтіледі.

Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды Тоқаев Назарбаевты 85 жас мерейтойымен құттықтады Атырау облысында Ресеймен шекара маңынан тағы да дрон табылды Риддер тұрғыны темекі тұқылы үшін сотқа жүгінген Түркияда оппозиционер әкімдерге қарсы операция кезінде 3 қала басшысы ұсталды Тоқаев бірнеше елдегі елшілерді қызметтен босатты Алматыда Lexus көлігі баланы басып өтіп, көмектеспестен қашып кеткен (ВИДЕО) Чемпион боксшы жарақатына байланысты мансабын аяқтады