2052

«Ей, сен такси жүргізбе, қ***!»: Астанада мас ер адам сөйлей алмайтын жүргізушіні тоқтаусыз балағаттады (ВИДЕО)

Оқиға такси жүргізушісінің бейнебақылау камерасына жазылып қалған.

«Ей, сен такси жүргізбе, қ***!»: Астанада мас ер адам сөйлей алмайтын жүргізушіні тоқтаусыз балағаттады (ВИДЕО)
бейнежазбадан алынған кадр

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада белгісіз ер адам саңырау көлік жүргізушісін балағаттаған. Алкогольді ішімдікке сылқия тойып алған ер адамның видеосы TikTok әлеуметтік желісінде лезде тарап кетті.

Оқиға такси жүргізушісінің бейнебақылау камерасына жазылып қалған. Көлік ішінде екі жолаушы ер адам болған. Алдында отырған ер адам саңырау әрі мылқау мүгедек такси жүргізушісіне дөрекі сөйлей бастаған. 

Кадрда алдында отырған ер адам «Ей, сен такси жүргізбе, қ***!» деп балағаттап, «машинаны тоқтат» деп жекіп, артта отырған жолаушымен бірге көліктен түсіп кетеді.

Жүргізушіге тоқтаусыз балағат сөздер жаудырған ол көліктен түсіп, машинадағы USB-ді де өзімен алып кетпек болған. Бірақ жүргізуші дер кезінде қолынан жұлып алып, бермей қояды. 

Белгілі болғандай полиция жолаушының дереу анықталып, уақытша ұстау изоляторына қамалғанын хабарлады.

Сондай-ақ видео желі қолданушыларының наразылығын тудырып, күдіктінің жауапқа тартылуын талап етті.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор