Әнші Сәкен Майғазиев отандық тележобаның бірінде «Құстар қайтып барады» әнін тыңдап отырып, жылап қалды.
Өнер иесі көзіне жас алған сәттегі видеоны әлеуметтік желідегі парақшасына жариялап, жазба қалдырды. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.
"Қартаяйын дедім бе, көңілшек болып алыппын. Мына балапаным мені бір жылатты. Кіп-кішкентай болып Тұманбай атасының сөзіне жазылған, Нұрғиса атасының асыл қазынасын жүрекпен орындауын айтсаңшы", – деп жазған ол.