"Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады

13.05.2024, 10:17
1493
"Көп нәрсені жасыратынмын": Ләйлә Сұлтанқызы анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады sultankyzy

Танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы желіде Аналар мерекесіне орай анасына арнап жантебірентерлік жазба жариялады.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Онда анасымен көп уақыт сырласып, әңгімелеспегенін айтады. Уайымға берілмесін деп, көп дүниені жасырғанын жазады.

«Ана, мама, менің Дишинкам. Осы жазбаны жазғым келіп жүргеніне 7-8 жылдай болды десем, күлетін шығарсыздар. Бүгін елімізде Аналар күні тойланып жатыр. Өзім мамаммен бертін ғана сырласа бастаған қызбын. Білмеймін, әлде әкеме жақын болдым ба… (әкем 21 жыл бұрын дүниеден өтті) Есейген шақта да «мамам уайымдамасын» деп көп нәрсені жасыратынмын. «Ұят болады» тағы бар. Тұрмысқа шыққанда, бала босанғанда, жұмыстағы түрлі проблемалар сияқты түрлі жағдайлар көп қой әйелдерде, бәрін айтуға қысылатынмын. Іштей тынып, қоя саламын сонда. Сөйтсем, бұл мінезім анама тартқан екен ғой. Мен Дишинкамның қиналған кездерін көп көрдім. Адуынды енесі (жер барып хабар айтпасын), сырқат жұбайы бар, перестройка, ала дорба арқалаған кез. Енді балалар есейді дегенде папам дүниеден өтті, енді немере сүйіп қуанамыз дегенде әжем кетті, енді немере қызды ұзатып, ұл үйленеді дегенге баласынан айырылды, қызым орнықты ғой дегенде күйеу баласы да келмеске кетті. Өмір дерсіз, мұны басына түскен адам ғана түсінеді. Бірақ қандай жағдай болмасын уайымдайтын, кешіретін, күресетін, жаныңыздан табылатын адам – АНА. Ана жүрегін өзім «ана» болғанда ғана түсіндім. Ана жүрегі бәрін-бәрін сезеді. Қазір осы текстті жазып отырып, Дишинкам дұғасына қосып намаз оқып отырғанын білемін, сеземін. Ішімдегі сезімді айтып жеткізу мүмкін емес… Әр баланың өз Дишинкасы бар, сол Дишинкалар аман болсын, ауырмасын! Қыздар, аналарыңызбен сырласыңыздар, іштей тынбаңыздар, көмек сұрау – уайымдату емес!», – деп жаздытележүргізуші.

Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары «Жаны қысылды»: Айсәуле Бақытбек анасына тағы аяғы ауыр екенін айтып, оны шошытып алды «Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды