Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен

13.05.2024, 19:37
874
Әйеліне қол жұмсаған күдікті 15 жыл дипломат болып қызмет еткен aikyn.kz

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әйелін ұрды деп күдікке алынған Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінде кеңесші Сәкен Мамашқа қатысты түсінік берді.

Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров әйелін ұрды деп күдікке алынған Қазақстанның БАӘ-дегі елшілігінде кеңесші Сәкен Мамашқа қатысты түсінік берді. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлады.

«Сыртқы істер министрлігі оқиға болған сәттен бастап бұл істі ерекше бақылауға алды. Карина Мамаштың күйеуі 6 мамырда елшіліктен дереу Қазақстанға қайтарылады деген тапсырма берілді. Елге келгеннен (С. Мамаш) кейін, заңнамаға сәйкес оны қызметінен босаттық», - деді А. Смадияров министрліктегі апталық брифингіде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Бұл ретте ресми өкіл елшіліктің бұрынғы қызметкеріне қатысты тергеу жүріп жатқанын еске салды.

«Біз бұл қылмыстық іске араласа алмайтынымыз түсінікті. Бүгін Карина Мамашпен кездестім және ол бүкіл мән-жайды айтып берді. Атап айтқанда, Сыртқы істер министрлігі Каринаға барлық көмекті жасайды», - деді ол.

А. Смадияров қызметінен босатылған С. Мамаш дипломатиялық салада 15 жылдан астам жұмыс істегенін айтты.

Бұған дейін Қазақстанның БАӘ-дегі елшіліктің кеңесшісі Сәкен Мамаш әйеліне үнемі күш көрсететіні, тіпті жұбайының әпкесіне де қол көтергені туралы ақпарат тараған еді.

Бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.

ҚР Сыртқы істер министрлігі зардап шеккен қазақстандықтың БАӘ-ден отанына оралуына көмектесті. 

Карина Мамаш Қазақстанға балаларымен бірге ұшып келген. Оның анасы мен әпкесі де дағдарыс орталығына орналастырылған.

 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды