Павлодарда асханадағы жанжалдың соңы кісі өліміне әкелді

14.05.2024, 14:13
1716
Павлодарда асханадағы жанжалдың соңы кісі өліміне әкелді esquire.kz

Павлодар қаласының № 2 сотында кісі өліміне әкелген оқиға бойынша ер адамға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Кісі өліміне қатысты оқиға наурыз айында Бұқар жырау көшесіндегі орналасқан пәтердің бірінде болған. Осы жерде қала тұрғыны мас болып, танысымен ұрысып қалады. Содан кейін айыпталушы танысының сол жақ жіліншігінен асхана пышағымен екі рет ұрып алады. Сол арада жәбірленуші тамырлы жүйке шоғырының толық қиылысуындағы пышақ жарақатынан қайтыс болған еді. 

Сотта ер адам өз кінәсін толық мойындап, дәлелдемелерді дауламады. Сондықтан іс қысқартылған тәртіпте қаралды. Кінәні толық мойындауына байланысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру жеделдетілген тәртіпте жүргізілді. Осыған байланысты Қылмыстық кодекстің 55-бабының 3-бөлігіне сәйкес ең жоғары мерзімнің жартысынан, яғни  6 жылдан  аспауы тиіс.

Сот жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып, ер адамға 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемелерінде өтеумен тағайындады, – деп хабарлады pavlodarnews.kz.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бектеновсіз өткен сот: Алимов заңсыз өндірілген 8,2 млн теңгені қайтарғысы келмей отыр Ердоған Түркістанда кортежін тоқтатып, тұрғындармен амандасты (ВИДЕО) Семейде балаларға қарап әдепсіз әрекет жасаған ер адам ұсталды (ВИДЕО) Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр