"Қызыңның сүйектерін сындырамын": Қостанай тұрғын шетелдік күйеуінен тығылып жүруге мәжбүр

14.05.2024, 16:58
5138
"Қызыңның сүйектерін сындырамын": Қостанай тұрғын шетелдік күйеуінен тығылып жүруге мәжбүр бейнежазбадан

Әзербайжан азаматы әйелді "Қызыңның басын әкелемін" деп қорқытады екен.

Әзербайжан азаматы қостанайлық әйелді қорқытып, ұрып-соққан. Оның қыр соңынан қалмай аңдып жүргеніне бір жыл болыпты. Бұл туралы «Немолчи.кз» қорының басшысы Дина Таңсәрі Instagram-парақшада бөлісті, деп хабарлайды KYN.KZ ақпарат агенттігі.

Оның айтуынша, әйел Әзербайжан азаматымен қарым-қатынасын бір жыл бұрын үзген екен.

«Біздің қорғауымыздағы қостанайлық әйелді Әзербайжан азамат қудалап, ұрып-соғады. Жәбірленушіні қызыңның “басын әкелемін", "сүйектерін сындырамын" деп қорқытады екен. Ол бізден көмек сұрады. Әйел 2023 жылдың жазында онымен қарым-қатынасын үзген. Алайда қорқыту мен ұрып-соғу әлі де жалғасып жатыр. Жәбірленушінің қызы көшеде анасын  ұрып-соққан видеоларын жіберді”, - дейді Дина Таңсәрі.

Оның жазуынша, Әзербайжан азаматы еліміздің визалық режимін де бұзған. Қазақстан соты оны 27 сәуірде елден шығару жайлы үкім шығарған. Алайда 17 күн өтсе де, полиция оны әлі таба алмай жүрген көрінеді. Тіпті оны полиция қолға түсірген, бірақ қайта босатып жіберіпті.

«Соңғы рет оны Астанада ұстаған. Аудио хабарламалар мен фотосуреттерге қарағанда, полицияда жауапта отырған жерінен де ол әйелді қорқытып хабарламалар жіберген. Қолында телефоны бар ол полиция қызметкерлерінен темекі тұтатқыш алып, олармен бірге дүкенге сыра алуға барған. Мұндай адамдарды 2-3 сағат осылай ұстайтын сияқты.  Ал әйел одан жасырыну үшін бүкіл Қазақстанды шарлап жүруі керек екен», - дейді қор басшысы.

Ер адам әйелдің телефонын да ұрлап кеткен. Бірақ бұл факт бойынша іс қозғалмаған. Мүліктік шығындар болған, бірнеше рет есікті бұзып, айналасындағы заттарды да қиратқан.

«Қызы қазір ол азаматты елден шығаруды сұрап отыр. Ішкі істер министрлігі, Қостанай прокуратурасы, Қостанай полиция департаменті бұл істі бақылауға алу керек. Бұл азамат бір жыл бойы қорқытуын жалғастырып келеді, оны елден шығару керек. Бұл өте қауіпті адам. Істің соңы трагедияға ұласуы мүмкін», - деп көмек сұрады Дина Таңсәрі.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)