Ғарыш саласын қаржыландыратын инвестициялық қор ашу мүмкіндігі талқыланып жатыр

15.05.2024, 12:36
846
Ғарыш саласын қаржыландыратын инвестициялық қор ашу мүмкіндігі талқыланып жатыр primeminister.kz

Ғарыш саласын қаржыландырудың жаңа тәсілдері ретінде инвестициялық қор ашу мүмкіндігі талқыланып жатыр.

Бұл жайында Сенат депутаттарының сауалына Премьер-Министр Олжас Бектеновтің жауабында айтылған.

«Үкіметтің 2023 жылғы 28 наурыздағы қаулысымен құрылған технологиялық базаның тиімділігін арттыру, өзін-өзі қамтамасыз ететін ғарыш саласын қалыптастыру, халықаралық кооперация сияқты негізгі тәсілдерді көздейтін Ғарыш саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы бекітілді. Саланы дамыту жөніндегі стратегиялық міндеттерді Аэроғарыш комитеті орындайды. Оған қажетті реттеу, іске асыру және бақылау функциялары берілген. Ғарыш саласын дамыту жөніндегі жұмыстың негізгі бағыты – мемлекеттік тапсырмалар арқылы республикалық бюджеттен қаржыландырылатын маңызды және капиталды қажет ететін жобаларды іске асыру. Ғарыш саласын қаржыландырудың жаңа тәсілдері ретінде инвестициялық қор ашу мүмкіндігі талқылануда. Алайда бұл мәселе егжей-тегжейлі зерттеуді қажет етеді», - деді Үкімет басшысы жауабында.

Олжас Бектеновтің атап өтуінше, ғарыш саласындағы негізгі жобаларды іске асыру Үкімет пен уәкілетті органның тұрақты бақылауында тұр.

«Мәселен, «Ұлттық ғарыштық зерттеулер және технологиялар орталығы» АҚ ғарыштық зымыран кешенін құру үшін технологияларды әзірлеу бойынша зерттеулерді жалғастырып жатыр. Сербия, Қытай және Үндістан мамандарын тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде. Технологиялар трансферті және қазақстандық мамандар үшін тағылымдамаларды ұйымдастыру мәселелері талқыланып жатыр. 2023-2024 жылдарға ғылыми бағдарламаны іске асыруға 908,8 млн теңге бөлінді. 2025-2027 жылдарға тағы 2,8 млрд теңгеге бюджеттік өтінім берілді», - деді Премьер-Министр.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды