Елнұр Бейсенбаев: Балалар лагерінің жағдайы сын көтермейді

15.05.2024, 12:57
651
Елнұр Бейсенбаев: Балалар лагерінің жағдайы сын көтермейді aikyn.kz

Мысалы, былтыр Алматы облысының Ұзынағаш ауылында балалар лагерін саунада ұйымдастырған. Ол қоғамда үлкен шу туғызды. Осы мәселе бойынша сот жуырда ғана аяқталды. Кінәлілер сотталып, бас бостандығынан айырылды.

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы Фракциясының мүшесі Елнұр Бейсенбаев балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру мәселесін қозғап, «AMANAT» Фракциясының мүшелері атынан Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Қасымқызы Дүйсеноваға депутаттық сауал жолдады.

Мемлекет басшысы – еліміздегі әрбір баланың құқықтарының қорғалуы мен сақталуының кепілі.

Бұған дәлел, Президенттің тікелей пәрменімен балалардың қауіпсіздігін сақтау бойынша маңызды заң қабылданды. Енді балаларға байланысты әрбір мәселе мемлекеттік деңгейде бақылауда болатыны хақ.

Дегенмен, елімізде әлі де кездесетін кейбір келеңсіздіктер осыған қарсы жасалып жатқандай әсер қалдырады. Соның бір көрінісі – балалардың жазғы демалысын ұйымдастырудағы олқылықтар.

Мысалы, былтыр Алматы облысының Ұзынағаш ауылында балалар лагерін саунада ұйымдастырған. Ол қоғамда үлкен шу туғызды. Осы мәселе бойынша сот жуырда ғана аяқталды. Кінәлілер сотталып, бас бостандығынан айырылды.

Сот 2023 жылы кәсіпкер әйелдің 50 баланы балалар лагері деп өз жеке мектебіне, 300 баланы фитнес-орталығы бар монша кешеніне орналастырғанын анықтады.

Басқа басқа, балаға қатысты мұндай теріс қадамға бару – нағыз бассыздық, ақша үшін ардан аттау емес пе?!

Тағы бір мысал. Бас прокуратура 2023 жылы тамызда Алматы облысында уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген 8 балалар лагерін анықтаған. Олардағы жағдай да ешбір сын көтермейді. Санитариялық-эпидемиологиялық және өрт қауіпсіздігі нормалары мүлдем сақталмаған. Спорт және ойын алаңдары да қауіпсіздік талаптарына сай емес.

Былтыр Қонаев қаласындағы «Бәйтерек» лагерінде шартта көрсетілгеніне қарамастан, балалардың тиісті демалысы мен оқуы ұйымдастырылмаған.

Сол секілді Шымкенттегі «Hawaii» лагері өртке қарсы дабыл жүйесімен жабдықталмаған және міндеттелген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысыз жұмыс істеген.

Сондай-ақ, 220 балаға арналған «Үш бұлақ» лагері іс жүзінде 310 оқушы қабылдаған. Былайша мөлшерден тыс тығыз орналастыру балалардың демалуына теріс әсер ететіні айтпаса да түсінікті.

Айта берсек, мұндай мысалдар жетерлік. Балалар мұндай жазғы демалыс орындарында алаңсыз тынығып, жаңа оқу жылына тың күшпен келудің орнына, түрлі келеңсіздікке ұшырап жатқаны өкінішті.

Жоғарыда аталған заң енді мұндай орындарды ескертусіз тексеріп, талапты сақтамағандарға нақты шара қолдануға мүмкіндік береді. Сондықтан осындай олқылықтардың барлығын жойып, балалардың биылғы жазғы демалысын сапалы ұйымдастыруға жете мән берген жөн.

Бұл ретте, назар аударатын мәселе – елімізде балалар лагері мүлдем жетіспейді. Олар бар болғаны балалардың 10-ақ пайызын қамтиды.

Оның ішінде де сапалы демалысты қамтамасыз ете алатыны санаулы ғана. Оған қоса, пандемиядан кейін лагерлердің 30 пайызы нарықтан кетті.

Ашығын айту керек, балалардың жазғы демалыспен қамтылуы туралы статистикасы көкейге қонбайды. Өйткені, жергілікті әкімдіктер мектеп жанындағы лагерлерді – жазғы лагерлер деп есептейді. Бұл жөнсіз.

Тағы да қайталап айтамын, мектеп жанындағы лагерлер жазғы демалыс емес, ол тек қана 5-6 сағаттық уақыт өткізу.

Тағы бір атап өтерлік мәселе, еліміздегі лагерлердің басым бөлігі Кеңес кезеңінде салынғандықтан, тозығы жетіп тұр.

Сондықтан салынуы оңай, шығынды аз талап ететін Глэмпинг базасындағы киіз үйлер, шатырлар түріндегі лагерлерді ұйымдастырып, олардың стандарттарын енгізу қажет.

Сондай-ақ, елімізде педагогттерді дайындайтын оқу орындары көп болғанымен, әлі де лагерлерде жұмыс істейтін жетекші-тәрбиешілерді дайындау жүйесі жолға қойылмаған.

Осы ретте, «AMANAT» партиясының Жол картасында 50 балалар сауықтыру лагерін салу  көзделген. Алайда оның биыл тек бесеуінің ғана құрылысы жүріп жатыр.

Қорыта келе, балалардың жазғы демалысына қатысты жоғарыдағыдай келеңсіздердің алдын алу үшін тез арада келесі шараларды қолға алуды ұсынамыз:

1. Су басқан өңірлердің балаларын жазғы сауықтыру лагерлеріне арнайы ұйымдастыру керек.

2. Жазғы балалар сауықтыру орталықтары тиісті салалық мамандармен қамтамасыз етілуі тиіс.

3. Мемлекеттік сатып алу бойынша конкурс өткізу кезінде ерекшеліктері бар балаларға инклюзивтік білім беру талаптарын орындау көзделуі тиіс.

4. Бизнес өкілдері мен сала мамандарын қатыстыра отырып, Қазақстанда балалар демалысын дамыту жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеген жөн, - деді депутат Е. Бейсенбаев.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады