Теміртау: Экспонатқа айналған қоғамдық көлік

15.05.2024, 13:50
427
Теміртау: Экспонатқа айналған қоғамдық көлік коллаж: Бірғаным Әлиқызы

1959 жылдан бері 64  жыл бойы қала тұрғындарын тасымалдауда елеулі рөл атқарған қоғамдық көлік – трамвай, 2023 жылдың ақпан айында белгісіз себептерге байланысты өз жұмысын тоқтатты.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Халықтың наразылығы туындаған сәтте қайта іске қосады деп уәде берген әкімшілік өз сөзін әлі орындаған жоқ. Осыған орай, трамвайдың болашағы туралы тілшіміз Бірғаным Әлиқызы түсіндірді.

Теміртау қаласы қашанда трамвайдың дауысымен оянатын. Таңғы сағат 05:08 де бірінші рейс өз жұмысын бастайтын. Тұрғындар үшін қолайлы болған қоғамдық көлік «АрселорМиттал Теміртау» зауыдының қарамағында еді. Кәсіпорын қызметкерлері үшін тегін, қарапайым халық үшін 50 теңге. Таңнан түннің ортасына дейін жұмыс істейді. Мезгілді таңдамайды, қыстың аязды күні де өз жұмысын жалғастыра береді. Жарты ғасырдан астам уақыт еш бүліксіз жұмыс істеген трамвай 2023 жылдың ақпан айында белгісіз себептермен тоқтатылып тасталды. Қала тұрғындары өз наразылықтарын түрлі петициялар арқылы көрсетіп, әлеуметтік желілерде шулап кетті. 

Облыс әкімшілігінің айтуы бойынша, қоғамдық көлік ескірген вагондардың салдарынан тоқтады. Алдағы уақытта жөндеу жұмыстары жүріп, трамвай қайта іске қосылады дейді ол.

«Теміртау қаласында қоғамдық көлік саласында проблема бар екендігін мойындау керек. Былтыр «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы трамвай желісінің жұмысын тоқтатып, трамвай паркін жауып тастағанын бәріміз білеміз. Компания трамвай желісін қаржыландырмағандықтан қоғамдық көліктер тозып, істен шықты. Осылайша трамвай паркі жұмысын тоқтатты», - деді аймақ басшысы Ермағанбет Бөлекбаев.

Қызығы, қоғамдық көліктің негізгі жүргізушілері әйел қауымы еді. Олар трамвайдың алынып тасталынғаны қатты қынжылтататыны туралы және бұл жұмыстан бөлек өзге жұмысқа орналасуға жүрексінетіндігі жайлы айтты.

«Парк жабылуы мүмкін екенін естігенде, бәрі таңғалды. Қалада онсыз да тек жалғыз бағыт қана жұмыс істейді. Бұл қаланың тарихы, көрнекілігі мен қолайлы көлік түрі ғой. Оның үстіне жұмыссыз қалғымыз келмейді. Қатты уайымдап жүрміз», – деді парк қызметкері Наталья Полын.

«Ары қарай қалай жұмыс істейтініміз түсініксіз. Трамвай паркіне назар аударып, оны сақтап қалу керек деп ойлаймыз. Бір трамвайға жүзден астам жолаушы сыяды. Бұл көлік түрі сұранысқа ие. Бізге балаларды трамвайға мінгізу үшін Қарағанды мен Астанадан келетіндер де бар», – жүргізуші Ирина Крикунова.

«Қазір комбинаттан конвейер машинасы жұмыс ұсынылды. Мен трамваймен 25 жыл жұмыс істедім. Қазір кранға қалай мінемін? Қан қысымым жоғары, гипертония бар, көбінде солай. Соңғы 30 жылда модернизация болған жоқ, рельстерді ауыстыру болған жоқ, нақты ештеңе болмады», – деді трамвай жүргізушісі Татьяна Фадеева.

Бір жыл бойы Теміртау әкімшілігі осы мәселеге қатысты жауап беруден қашып жүрді. Тек қана «трамвай қайта іске қосылады» деген сыбыстар мен орындалмаған уәделер ғана.

Айта кетерлік, қаладағы трамвай желісі 1959 жылы іске қосылған. Алғашқы вагондар болат тақтайшадан дайындалып, іші ақ қайыңмен қапталған, терезе жақтауы еменнен жасалған. 1992 жылы трамвай жолының бес бағыты жұмыс істеді.  Қазір үлкен трамвай паркінен тек бірнеше ескі вагон мен тозығы жеткен жол ғана қалған. Бірінші бағыт – қалада жұмыс істеп тұрған жалғыз трамвай бағыты. Моноқалада соңғы күндері трамвай қызметі біржола тоқтауы мүмкін деген сыбыс тараған.

Теміртау қаласының архивінен алынған сурет. Теміртау қаласындағы алғашқы трамвай. 1959 жылдың қыркүйегі 

Қала тұрғындары мессенджерлерде Қарағанды өңіріндегі комбинат пен көмір шахталарының иесі – кәсіпорындарды постсоветтік жекешелендіру науқаны кезінде иеленген "АрселорМиттал Теміртау" компаниясы бас директорының "бұйрығын" таратып жатыр. Қаладағы трамвайға иелік ететін компания басшысы қол қойған құжаттың көшірмесінде "трамвай көлігін пайдалануды доғарып, бір немесе бірнеше кезеңде автобус тасымалына көшу" туралы жазылған.

2019 жылы Теміртау трамвай паркінің құрылғанына 60 жыл толғанын атап өткен. 

фото авторы: Елена

Көптеген өтініштер мен наразылықтардан кейін АрселорМиттал Теміртау трамвайдың орнына тегін автобустарды шығарды. Автобус тек елу адамға қамтылған және тек қана зауыт қызметкерлеріне арналған. Осыған сәйкес, қарапайым тұрғындардың наразылығы екі еселенді. Бір айдан кейін автобус өз жұмысын тоқтатып, қала тұрғындары тек қана ақылы қоғамдық көліктермен ғана жүріп отырды. 

Араға уақыт салып, кәсіпорын өз қызметкерлеріне арналған жиырма шақты тегін автобустарды шығарды. Қала тұрғындарының наразылығы бәсейді. Зауыт қызметкерінің айтуы бойынша, ендігі уақытта трамвайдың қайта іске қосылуы қатты керексіз де болып қалды.

«Мен үшін тегін автобустар трамвайға қарағанда қолайлы. Бәлкім егер, трамвай жолдың басқа бағыты ашылса онда қолдар едім. Әзірге, оның орнына тас жолдарды жөндеген дұрыс еді деп ойлаймын», - деді Н. есімді азамат.  

2024 жылдың сәуір айында әлеуметтік желіге Теміртау әкімшілігі трамвай жолдардың жөнделіп жатқандығы туралы видеолар жариялады. Оқырмандардың ойы екіге бөлінді, біреуі «әкімшілікке сенбейміз, жарты жолда лақтырып кетеді» десе, енді бірі «Көптен күткен жаңалық, қуаныштымыз» деуде. 

«Білуім бойынша, трампаркты вагондардың ескіргені үшін жапқан болатын. Не үшін рельстерді жөндеп жатыр, түсінбеймін. Бұл ескі кеңестік кезеңнен келе жатқан мықты рельстер. Тағы бір ғасыр өмір сүре алады. Вагондарды ауыстырыңдар!»,- деп жазды Маргарита есімді Instagram тұтынушысы.  

Теміртау Трампарк директорының орынбасары Валерий Ивановычтың айтуы бойынша, қазіргі таңда капиталды түрде жөндеу жұмыстары жүріп жатыр, 2024 жылдың соңына дейін трамвай өз қызметін қайта бастайды.

«Жөндеу жұмыстарына Qarmet компаниясы демеушілік көрсетіп жатыр. Қазіргі таңда капиталды түрде жөндеу жұмыстары өтуде, рельстер мен инфрақұрылымды, жолды және жалпы вагондарды. Трамвайдың қайта іске қосу уақытын нақты айту өте қиын, бірақ шамамен осы жылдың соңына дейін болуы әбден мүмкін», - дейді ол.  

Қазіргі таңда Қазақстан бойынша 3 қалада трамвай жолы бар: Теміртау, Павлодар және Өскемен. Теміртау қаласының тұрғындары бұл қоғамдық көліктің экспонатқа айналуынан қорқады. Қаланың ерекшелігі болған трамвайдың жөндеу жұмыстарынан кейін қайта іске қосылатынына сенгісі келеді. 

Автор: Бірғаным Әлиқызы

 

 

Біреудің қаңсығы біреуге таңсық «Қыз болғанша тоқтамаймын»: Тәуекел Мүсілім қызы болғанын қатты армандап жүргенін айтты «Қазір қыз іздеп жүрмін»: боксшы Нұрбек Оралбай жеке өміріндегі құпияларын айтты Анамды жұмыс істеткізбеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды 2-ақ адам қалған: Солтүстікте жыл соңына дейін 45 ауыл картадан жойылатыны белгілі болды «45 тәулікке қамалады»: Әйелі мен балаларын ұрып-соққан ақтөбелік жеңіл жазамен құтылды Екібастұзда 9-сынып оқушысы жоғалып кетті Тағы бір мерзімді әскери қызметші Ақтөбеде қайтыс болды Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі қайтыс болды Әкем сырт көзге суық көрінгенімен жүрегі өте жұмсақ болды – Мұстафа Өзтүріктің үлкен қызы Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды Қазақстанда бір күнде үш рет жер сілкінісі тіркелді Бүгін еліміздің 4 өңірінде ауа сапасы нашарлайды «Дауылды ескерту!»: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО) «Шақыртуды үйімнің төріне қоямын»: Заттыбек Көпболсынұлы «Ақмаржан» хитінің авторына құрмет көрсетті (ВИДЕО)