Майқайың алтын кенішінде қос құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданды

15.05.2024, 15:32
915
Майқайың алтын кенішінде қос құтқарушыны іздеу жұмыстары қайта жанданды Павлодар облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

«Майқайыңалтын» АҚ жер астына автобуспен бірге түсіп кеткен азаматтарды іздеу жұмыстарын қайта жалғастырды.

Кәсіпорынның жаңа басшылығы ойық астында жатқан қос құтқарушыны қайтсе де іздеп табуға бел байлаған тәрізді. 

Аталған компания биылғы ақпан айының соңында кеніштегі құрдымға құлаған автобус пен оның ішіндегі екі азаматты іздеу жұмыстарын тоқтатып тастаған.

«Майқайыңалтын» АҚ-ның жаңадан тағайындалған директоры Қайролла Жүрсінбаев 13 мамырдан бастап қос құтқарушыны іздеу жұмыстарын қайта жандандыру туралы шешім қабылдаған. Бұл туралы құтқарушы Айдос Шаймерденнің жары Нұрсұлу Шаймерден хабарлады.

Айта кетейік, А.Шаймерден – ойық астында жатқан екі азаматтың бірі. Ол кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалында жедел алдын алу жұмыстары жөніндегі взвод командирінің орынбасары болып қызмет атқарған. Ал екіншісі – жедел автокөлік жүргізушісі Айып Тілеубергенов. 

«13 мамырдан бастап Айдос пен оның әріптесін іздеу жұмыстары қайта басталды. Біздің отбасымыз бұл күнді ұзақ уақыттан бері тағатсыздана күткен едік. Құтқарушылар жақын адамдарымызды тауып алатынына сенімдіміз. Кәсіпорын басшылығы айтқандай, ең әуелі ойық маңында кен жыныстарын қазу жұмыстары жүргізіледі. Содан соң кәсіби әскерилендірілген авариялық-құтқару қызметтерінің республикалық орталық штабы Павлодар филиалының құтқарушылары іске кіріседі. Қазіргі уақытта жұмыстар тәулік бойы жүргізіліп жатыр. Бас директор Қайролла Жүрсінбаев жер астында жатқан қос азаматты тауып алған соң ғана шахта іске қосылатынын жеткізді», - деді Нұрсұлу Шаймерден Kazinform агенттінінің тілшісіне берген сұхбатында.

«Майқайыңалтын» АҚ-ның жаңа басшылығы іздеу-құтқару жұмыстары туралы ақпарат беруден бас тартып отыр.

Тау-кен металлургиялық өнеркәсібінің салалық порталы metalmininginfo.kz хабарлағандай, «Майқайыңалтын» АҚ инвесторлары алтын кенішіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті бағалау, сондай-ақ іздестіру-құтқару шаралары мен кен өндіру жұмыстарын жалғастыру үшін «Алтыналмас АК» АҚ компаниясын тартқан. Соған орай 26 сәуірде жаңа директор тағайындалған. Жаңа басшылықтың алдында тез арада қос құтқарушыны тауып, өндірісті толыққанды іске қосу міндеттері тұр. 

Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады