"Артқы жағында 2 см сызат бар": Ақтөбе облысында бұрынғы полиция қызметкері 3 жасар қызды зорлаған деген күдікке ілінді

15.05.2024, 16:53
3728
"Артқы жағында 2 см сызат бар": Ақтөбе облысында бұрынғы полиция қызметкері 3 жасар қызды зорлаған деген күдікке ілінді canva.com

Ақтөбе облысында 3 жасар қыздың зорланғаны туралы ақпарат тарады. Полиция тергеуді бастады.

Анасының айтуынша, қыз әкесінің туыстарына барған. Бұл туралы Massaget.kz хабарлады.

Бұл туралы "Не молчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

Дина Таңсәрінің айтуынша, бір әйел 3 жасар қызының зорланғанын жазған.

"Анасының айтуынша, қыз әкесінің туыстарына барған. Үйіне келгенде көкесінің тиіскенін айтып, шағым жасаған. Анасы баланы ауруханаға апарған. Дәрігер ануста 2 сантиметр сызат барын растаған. Қыздың анасы дереу полицияға арыз берген, бірақ күдікті ақша төлейді деп қорқып отыр. Оның айтуынша, ол бұған дейін полиция қызметкері болып, тіпті әкімдікте басшылық қызметте болған. Оны ауылдағының бәрі біледі, ол жақта танысы көп. Оның үстіне, анасы тергеу амалдарына баруға қорқады. Өйткені ол өз өмірі мен қызының өміріне қауіптенеді. Қыз психологиялық зақым алған, мұны психолог растады", – делінген жазбада. 

Ақтөбе облысы Полиция департаменті Massaget.kz тілшісіне бұл оқиғаға қатысты пікір білдірді.

"Жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық дерегі бойынша соталды тергеу басталды. Күдікті анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Барлық қажетті сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша заңды шешім қабылданады", – делінген жауапта. 

«Ол саған малай емес»: Ерке Есмахан үйін тазалатамын деп басы бәлеге қалды Балаларды қорғау күніне орай «Ордабасы» футбол клубының мүшелері шеберлік сабағын өткізді «Жасым келді ғой»: Нұрлан Еспанов 10 жылдан бері атақ алмай жүргеніне ренжіді Бизнес үйретемін деп жұртты алдаған ақтаулық коучқа үкім шықты Жалғызбасты ана өзін бірнеше ер адам ұрлап әкетіп, мәжбүрлеп жындыханаға жатқызғанын айтты (ВИДЕО) «Мейрамхана, лимузин, от-шашу»: Ақтаудағы балабақша түлектерінің бітіру кеші жұрт талқысына түсті (ВИДЕО) Қарағандылық әке 16 жастағы қызын бір топ еркек зорлап кеткенін айтты «Елден шығуға болмайды деп айтпады»: Ақнәрдің өліміне күдікті қыз сұхбат берді (ВИДЕО) Астанада жасөспірімнен ақша бопсалаған төрт адам 10 жылға сотталды «Мені кемсітті»: Соңғы қоңырауда жас түлек мектеп директоры туралы шындықты айтып кетті Тұрсын Алагөзов 100 қызметкеріне 100 баспана сыйлады «Ақиқат үшін жұмыс істедім»: Шерзаттың адвокаты соттан шеттетілгенін айтты (ВИДЕО) Германия канцлері Фридрих Мерц Израильді сынға алды Атыраулық келіншек сырғасын шешуге құтқарушыларды шақырған Енді ChatGPT де Қазақстанға қосымша құн салығын төлейді Макрон әйелінің әрекеті туралы түсіндірді (ВИДЕО) Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады Майра Мұхамедқызы Қытайда профессор атанды Шымкенттік ер адам зообақта түйеқұсты бір тепті «Тілімді алады»: Досымжан Таңатаров не үшін 30 жылдан бері әйелін жасырып жүргенін айтты (ВИДЕО)