Петропавлда суға кеткен баспаналарды тексеру нәтижесінде 238 үй апатты деп танылды

15.05.2024, 19:43
581
Петропавлда суға кеткен баспаналарды тексеру нәтижесінде 238 үй апатты деп танылды Ақорда

Петропавлда су астында қалған 2156 үйдің жартысынан астамы техникалық тексерістен өтті. Әзірге 537-сінің ғана қорытындысы дайын, 238 баспана апатты деп танылды.

Өңірлік коммуникациялар қызметінде Петропавл әкімінің баспасөз хатшысы Әсем Айтулова су тасқынының зардабын жоюға қатысты атқарылған жұмысқа есеп берді.

Әкімдік өкілінің айтуынша, Петропавлда 6 ұйым техникалық тексеру жүргізсе, 7 ұйымға бағалау жүктелген. Бұдан бөлек бүлінген мүлікті бағалауды 7 ұйым жүргізеді.

Сонымен қатар, сметалық есеп жүргізу үшін 6 компания тартылған.

«Қалпына келтіруге жатпайтын үйлердің тізімі апта сайын қалалық әкімдіктің ресми сайтында «әртүрлі» бөлімінде деректердің түсуіне қарай жаңартылып отырады. Бағалаушылар меншік иесімен алдын ала байланысады, тексеру жүргізілетін күн мен уақыт белгіленеді. Меншік иесінің өзімен бірге жеке куәлігі, үйдің техникалық паспорты, құқық белгілейтін құжаттары және жерге актісі болуы қажет. Меншік иесінің өкілі болған жағдайда сенімхатты көрсетеді», - дейді Әсем Айтулова.

Маманның айтуынша, мүлікке құжат болмаған жағдайда меншік иесі оларды ресімдеуі керек.

«Қалалық әкімдіктегі 425 кабинетте осы мәселелер бойынша кеңес беріледі. Сондай-ақ, 134 кабинетте сағат 14:30-дан 18:00-ге дейін адвокат тегін кеңес береді. Нотариаттық палата халыққа кеңес беру үшін кезекші нотариусты бекіткен. Барлық сот рәсімдері жеделдетілген тәртіппен жүзеге асырылады», - дейді әкімдік өкілі.

Қазіргі уақытта үйлерді жөндеу және аумақтарды тазартуға көмектесу үшін Петропавлда механикаландырылған бригадалары бар жедел штабтар жұмыс істеп жатыр.

«Продюсерім – қылмыстық топтың басшысы болды»: есірткімен ұсталған Q-Pop тобының бұрынғы әншісі алғаш рет сұхбат берді «Ұлымның әкесіне таңғаламын»: Дана Нұржігіт марқұм күйеуі Владимир Рерих туралы «Басың істей ме?»: Баян Мақсатқызы қызына ұрысып тастады (ВИДЕО) «Күйеуімді жиенімнің құрбысын үйлендіріп жібердім»: Майра Ілиясова неге күйеуіне басқа әйел алып бергенін ашып айтты «Парламентте көтергім келеді»: Нағима Есқалиева әйелдер күйеуін бөлісу керегін айтты (ВИДЕО) Қалдық көп, шешім бар ма? Жастар экология жайын талқылады Алаяқтарға алданып қалған Нұрғали Нүсіпжановқа кәсіпкер жаңа баспана сыйлады (ВИДЕО) Ауғанстан енді шахмат ойнауға тыйым салды «Қыздың әке-шешесі – әкімнің достары»: Ауылдың бұрынғы әкімі қыз зорлады деген күдікке ілінді Астанада ер адам терезеге асылып қалған (ВИДЕО) Ақтауда он шақты жігіт жол үстінде жаппай төбелескен (ВИДЕО) Жетісуда арқанмен өзеннен өтпек болған ер адам суға құлап, із-түссіз жоғалды (ВИДЕО) Неміс депутаты: «Путиннің ұсынысы – алдаусырату» Атышулы немересі өлтіріп кеткен экс-әкім мен әйелінің ісі: марқұмдардың жәбірленуші қызы мұраға таласып жатыр «Сатқындық жасағанымды мойындадым»: Тұрсын Алагөзов бұрынғы әйеліне шарт қойған (ФОТО) «Ту сыртынан шабуылдаған»: 10 жасар бала күдікті ұрлап бара жатқан қызды құтқарып қалды Енді жасанды интеллект қатерлі ісік кезіндегі өмір сүру ұзақтығын селфи болжай алады «Багажға салып, ұрады»: Ақтауда тұрғындар иттерді құтқаруды талап етіп жатыр (ВИДЕО) Жаңа Рим папасы Арыстан XIV Украина мен Газадағы соғысты тоқтатуға шақырды Үш дүркін «Қазақстан барысы» атанған Бейбіт Ыстыбаев 40 жас мерейтойын өткізді (ВИДЕО)