Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды

20.05.2025, 09:45
761
Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Әлішер Жәукешевтің оқиғасы желіге тарады.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, TikTok пен Instagram желілерінде кеңінен тараған видеода сарбаздың кішкентай баланың бас киімін дұрыстап, әскери сәлемді қалай дұрыс беру керектігін үйреткен сәті бейнеленген. Бейнежазба жүз мыңнан астам қаралым жинап, әлеуметтік желі қолданушыларының жүрегін елжіретті.

Видеодағы басты кейіпкер — 24 жастағы Әлішер Жәукешев. Ол — Астана қаласында орналасқан 5573 әскери бөлімінің атқыш-сарбазы. Ақтөбе қаласының тумасы қазіргі таңда ҚР ІІМ Ұлттық ұланы қатарында қызмет атқаруда.

Бұл әсерлі оқиға Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеру кезінде орын алды. Сарбаз Жәукешев сап түзеп тұрған сәтте жанына кішкентай бала келіп, әскери сәлем бермек болады. Алайда ол мұны сол қолымен және бас киімсіз орындаған. Баланың әпкесі дереу оған бас киім кигізеді. Ал бұл сәтте ұландық немқұрайлы қарамай баланың бас киімін дұрыстап, әскери сәлемді оң қолмен қалай дұрыс беру керектігін көрсетті.

Әскери қызметшінің бұл қылығы көпшіліктің назарынан тыс қалғанжоқ. Желі қолданушылары сарбаздың сабырлылығына, елгезектігіне жәнемейірімділігіне тәнті болып, оны нағыз ұландыққа тән деп бағалап жатыр.

«Керемет, қарапайымдылық адамды көрікті етеді», «Нағыз Отанқорғаушысының үлгісі! Мейірімді,кішіге- ізет, үлкенге - құрмет көрсетіп тұр.  Ер азаматты дәл осылай тәрбиелеу керек! Бұл сәт бала үшін өмір бойы естеқалары анық!» — деп бөлісуде желі қолданушылары.

Әлішердің өзі тосыннан келген танымалдылыққа байыппен қарайды:

Әскери борышты өтеу мен Отанға қызмет ету ешқашан кеш емес, — дейді ол. — Егер менің әрекетім біреудің жанын жадыратып, мақтанышсезімін тудырса, мен үшін бұлүлкен мәртебе.

Ол өзіне патрульдік қызметтің ерекше ұнағанын жасырмайды. Қызмет барысында елордаға деген сүйіспеншілігі одан сайын арта түскен:

Елордаға екінші рет ғашық болдым. Қаланың көшелерін күзетіп, адамдарға көмек көрсетуменің қоғамға пайдамды тигізуге мүмкіндікберді. Бұлнағыз мақтаныш сезімі, — дейді Әлішер.

Әлішер Жәукешевтің оқиғасыәскердегі қызмет тек тәртіп пен міндет қана емес, адамгершілік, үлкенге құрмет, кішіге ізет пен Отанға деген шынайы сүйіспеншілік екенін дәлелдейтін жарқын мысал.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды