«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО)

Аиса Махамбет Редактор
19.05.2025, 18:48
1442
«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) бейнежазбадан

Сәкен Майғазиев келіннен ұят болмасын деп үйін «ремонттап» жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, танымал әнші Сәкен Майғазиев ұлы Әділеттің үйлену тойына әзірлікті бастап кетті. Өнер иесі үй алдындағы абаттандыру жұмыстарымен бөлісіп, құрылыс жасап жатқан жігіттерге алғысын білдірді.

— Өз басым рушылдыққа, жершілдікке қарсымын. Бірақ халқымызда сондай көзқарас қалыптасқан. Қазақтарға «басқа ұлт өкілдері мықты істейді» деп сенбей жатамыз. Келін түсіруге дайындық басталды. Егер келін түспесе, үйдің алдындағы жұмысты да жасамас едік. Жігіттерге рақмет! Сендер де қыз ұзатып, келін түсіріп, осылай мерейленіңдер, — деді әнші.

Айта кетейік, Әділеттің болашақ жары — Әдия Мәулен. Желіде тараған мәліметтерге қарағанда, Әдия — Жаңаөзен тумасы. Кейін отбасымен бірге Ақтауға қоныс аударып, бүгінде Алматыда тұрып жатыр.

— Әділетпен араласқаныма 9 ай болды. Бір-бірімізді 3-4 жылдан бері танимыз. Өзім 20 жастамын. Бізде жас айырмашылығы — 6 жыл. Мамандығым — қонақүй ісі. Колледж бітірдім, болашақта ЖОО-ға түссем деймін. Енемен бірге тұру мәселесіне бейтарап қараймын. Маған көп адаммен бірге шай ішкен ұнайды. Өзімнің де інім бар. Сол себепті ене тақырыбы маған жат емес, — деген еді Әдия.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды