"Жалғыз қызымды аяусыз өлтірді": пәтерінде пышақтап кеткен жас дәрігердің әкесі оқиғаны Бишімбаев ісімен салыстырды

15.05.2024, 20:37
1258
"Жалғыз қызымды аяусыз өлтірді": пәтерінде пышақтап кеткен жас дәрігердің әкесі оқиғаны Бишімбаев ісімен салыстырды nur.kz

22 сәуірде өз пәтерінде пышақ жарақатынан көз жұмған жас дәрігер Мөлдір Томарованың әкесі іс бұрмаланып кете ме деп қауіптеніп, қоғам белсенділерінен көмек сұрайды.

22 сәуірде өз пәтерінде пышақ жарақатынан көз жұмған жас дәрігер Мөлдір Томарованың әкесі іс бұрмаланып кете ме деп қауіптеніп, қоғам белсенділерінен көмек сұрайды. Ол қоғамнан жалғыз қызының өліміне кінәлі адам қатаң жазаға тартылуын бақылауды өтінді. Бұл туралы nur.kz хабарлады.

Марқұмның әкесі қызылордалық Қалдыбай Томаров Ақтөбеде тұрған қызымен соңғы рет телефон арқылы сөйлескен сәтін есіне алды.

"Бұл жағдай Ақтөбеде болды. Қызым сол жақта 10 жыл оқыды. Медициналық университетке мемлекеттік грантпен түсті. Оқуын бітіріп, сол жаққа жұмысқа кірді. Қызыммен оқиға болған күні кешкі уақытта сөйлескен едім. Сағат 23:30 шамасында хабарластық. Қызым Toyota Corolla деген көлігін сатқанын, Қызылордаға билет алып қойғанын, үйге қайтатынын айтты. "Ертең кешке мені пойыздан күтіп ал" деп қоштасып еді. Бұл соңғы рет сөйлескенім екен. Ертеңіне денесін ғана көрдім", - деді Қалдыбай Томаров.

Қаза болған дәрігердің туыстарына қайғылы хабарды полиция жеткізген. Дәрігердің әкесі қызының басынан өткен оқиғаны Бишімбаев ісімен салыстырды.

"Ертеңіне немерелерімді балабақшаға апарып, үйдің тірлігімен жүрдім. Телефоныма хабарлама келді. Әлдекімнің аты-жөні жазылған. "Сіздер мына адамды танисыздар ма?" деп жазылып тұрды. Біз оны танымаймыз, түсінген жоқпыз. Шамалы уақыттан кейін полиция қызметкері қоңырау шалып "Ақтөбеге келуіңіз керек, қызыңыз қайтыс болды" деп хабарлады. Төбемнен жай түскендей болды. У-шу болдық. Ағайындар жиналып, екі көлікпен жолға шықтық. Түнде жеттік. Әріптестері күтіп алды. Бірге жұмыс істеген әріптестері мәйітханада жатқан қызымды көрсетті. Жүрегінің тұсында сау жер жоқ. Аяусыз пышақ салған. Басына да пышақ кірген. Үйге әкелгенде де денені ашып көрдім. Басы мен жүрегінің тұсынан ұра берген. Үйге бір күн қондырып, жер қойнына тапсырдық. Бишімбаевтың ісі ойыншық боп қалады. Біз қан жылап отырмыз", - деді әкесі. 

Жалғыз қызынан айырылып, қара жамылған әке көз жасына ерік берді. Қазір марқұмның анасының да денсаулығы сыр берген.

"Мен үшінші топ мүгедегімін. 2005 жылы инфаркт алғанмын. Содан кейін денсаулық болмай қалды. Мына жағдай бізді есеңгіретіп жіберді. Бір ұл, бір қызым бар-тұғын… Жалғыз қызым… Қазір анасының да денсаулығы нашарлап кетті. Осы іске қоғамның қадағалауы күшейсе екен. Өзім әлеуметтік желіде парақша ашып қойдым. Өз қолы өзіне жетіп, еңбек етіп жүрген жалғыз қызымызды аяусыз өлтірді. Оған қатаң жаза тағайындалғанын талап етеміз. Оларға тағайындалған жаза да аяусыз болуы керек. Қоғам белсенділерінен көмек сұраймыз. Жағдайдың бұрмаланбауын, қатаң жазалауын бақылауға алса екен", - деді марқұмның әкесі.

Әкесінің айтуынша, 1 маусымда 40 күндігін бергеннен кейін Ақтөбеге тергеу жұмыстарымен танысуға барады.

Еске сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, 22 сәуірде болған қанды оқиғаға қатысты "Кісі өлтіру" фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр. 

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?