Астанада өтетін қайырымдылық жүгіріске Қазақстанның 16 қаласынан 2 мыңнан астам адам тіркелді

16.05.2024, 14:39
752
Астанада өтетін қайырымдылық жүгіріске Қазақстанның 16 қаласынан 2 мыңнан астам адам тіркелді bolashakcharity

Қайырымдылық жүгірісін аутизм туралы ақпаратты тарату мақсатында, аутизм бар адамдардың өмір сапасын жақсарту, олардың әлеуметтенуі және өз қабілеттерін жүзеге асыруы үшін жағдайды қамтамасыз ету мақсатымен «Болашақ» корпоративтік қоры серіктестердің қолдауымен өткізеді.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Жиналған қаражат балабақшаларда аутизм және басқа менталдық бұзылыстары бар балаларға арналған инклюзияны қолдау кабинеттерін ашуға бағытталады. 2023 жылдың сәуірінде бірінші қайырымдылық жүгірісінен түскен қаражатқа «Болашақ»  қоры Астана қаласы №54, №60 және №66 балабақшаларында үш инклюзияны қолдау кабинетін жабдықтады. Аутистік спектрінің бұзылыстары бар 18 бала осы кабинеттерде дәріс оқиды.

Жүгіріс 1 км, 2,5 км, 5 км және 10 км төрт қашықтық бойынша өткізіледі. Қатысу бағасы 5 990 теңгеден бастап 8 990 теңгеге дейін. Форматы: офлайн, онлайн. Жүгіріске кәсіби спортшылар, жүгірушілер, әуесқой спортшылар, ерекше балалар мен олардың ата-аналары және т.б. қатысады.  

Жүгіріске Қазақстанның 17 қаласынан 2300 адам тіркелді. Онлайн жүгіріске 8 қаладан 14 адам тіркелді. Жүгіріс қонақтары: ММА және джиу-джитсудан бес дүркін әлем чемпионы, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері Айдар Махметов,  арнайы күш нөмірлері бойынша төрт дүркін рекордсмен, Гиннесс кітабының рекордсмені және Қазақстанның алты дүркін рекордсмені палуан Сергей Цырульников және басқалары.

Іс-шара шегінде аутизм және басқа даму ерекшеліктері бар балаларға арналған «Көңілді старттар» спорттық-ойын эстафетасы өткізіледі.  

Жүгіріске қатысушылар арасында бағалы жүлделер: смартфондар, премиалды киім брендтерінің, кофеханалардан, стоматологиялық клиникалардан, жүзу мектебінен сыйлық сертификаттары, фитнесс-орталығынан бір жылдық абонемент және т.б. ұтыс ойынында тартылады.

«Run for autism» қайырымдылық жүгірісі Астана қаласының әкімдігінің, «Amanat» партиясының, «ERG» компаниялар тобының, «Integra Construction» компаниясының, «NAK» құрылыс холдингінің, «SF» қазақстандық дәмді тағамдар желісінің, «Myd Production» компаниясының, «G-life» ауыз суының, «K-cell» компаниясының, «Argymaq» премиалды брендінің, «ZAVOD» ивент агенттігінің, «NV Clinic» стоматологиясының, «Teethalign» компаниясының, «Templ» фитнесс орталығының, «WOW Swim» жүзу мектебінің, «Тең мүмкіндіктер әлемі» ҚҚ, «Coffee Day» әлемдік кофеханалар желісінің, «SL» компаниясының, Қазақстандық спортшылар кеңесінің «Nomad Triathlon Club», «My Start», Халықаралық бағдарламалар орталығының қолдауымен өтеді. 

Run for autism — бұл аутизмді зерттеуді қолдау үшін қаражат жинауға арналған халықаралық бастама. Run for autism форматтары: марафон, жартылай марафон, триатлон, жүгіріс және т.б. Олар әлемнің ең ірі қалаларында өткізіледі: Нью-Йорк, Лондон, Берлин, Чикаго, Питсбург және т.б. 

Мекенжай: Астана қ. Триатлон паркі, кіру Б. Момышұлы көшесінен. 
Күні мен уақыты: 2024 жылғы 18 мамыр. 

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды