«Балаларыммен мазарға қонған кезім болды»: «Бірақ…» бағдарламасында жылап қалған әйел басынан кешкенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
16.05.2024, 17:31
1335
«Балаларыммен мазарға қонған кезім болды»: «Бірақ…» бағдарламасында жылап қалған әйел басынан кешкенін айтты бейнежазбадан алынған кадр

«Күйеуім түзеліп, адам болатын шығар деп үміттендім» дейді 20 жыл күйеуінен таяқ көріп келген Гүлмира. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 20 жыл бойы күйеуінен таяқ жеп келген Гүлмира “Тұрмыстық Қорғау Астана” қорына берген сұхбатында күйеуінен қандай қорлық көргенін айтты.

“Мен 20 жыл тұрмыста болдым, осы уақытқа дейін көрмегенім жоқ. Бұл туралы ешкімге тіс жарып айтқан емеспін, тіпті туыстарыма да. Біздің 6 баламыз бар. Күйеуім түзеліп, адам болатын шығар деп үміттендім. Бірақ адам өзгермейді екен. Балаларыммен қашып, мазарға қонған күнім болды. Басымнан өткен қиын күндерді есіме алғым келмейді. Мені ұрып-соғып, қолымды, омыртқамды сындырды. Күнде мені қарғап-сілеп, өлімімді тілейтін. Мұрнымды сындырды, бәріне көндім. Ішіп алып соғатын”, – дейді Гүлмира.

Оның айтуынша, күйеуі басқа әйелдері барын жасырмайтын.

“Ол әйелдерді үйге алып келуі үшін менің кетуім керек екен. Осыған қарамастан балаларым жетім қалмас үшін қолымнан келгеннің бәрін істедім. Көп жұмыс істедім. Жұмыстан келген соң тағы ұратын. Оның ойынша, мен жұмыс істемей басқа еркектермен жүреді екенмін. Өзі менің көзі шөп салып жүрген соң, мені де өзіндей көретін”, – дейді келіншек.

Гүлмира өзінің тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны екенін айтып, полицияға талай жүгінген. Алайда олар көмектесудің орнына, керісінше, “6 балаңа бәрібір ме?” деп қысым көрсеткен.

“Полиция шақырдым, шағым түсірдім. Бірақ полиция қызметкері маған күйеуімсіз 6 баланы асырай алмайтынымды айтты. Күйеуім менің арызымды ешқандай полиция қабылдамайтынын айтатын. Өйткені бәрін сатып алғанын көрінеді. Маған ешкім көмектеспейтінін түсіндім”, – дейді әйел.

Бұған дейін “Бірақ...” бағдарламасының алғашқы шығарылымында күйеуінен ұзақ уақыт бойы таяқ жеп жүрген әйел келіп мәселесін айтқан. Желідегі жазылған пікірлерде әйелдің ток-шоуға күйеуінің келетінін білмегені айтылады. Бағдарлама барысында күйеуі ортаға шығып, ұйымдастырушылар ұсынған гүлді әйеліне беруге ұмтылады. Алайда әйел одан көп қорлық көргенін алға тартып, гүлді алудан бас тартады. Осы сәтте жүргізуші “рамазан айы” екенін еске салып, татуласуға шақырады. Бірақ әйел бағдарламаның ортасында қатты қорқып, жылап қалғанын көруге болады. Тіпті жүргізушілер де осы сәтте не істерін білмей, абдырап қалғаны байқалды.

Осы хабардан соң желіде “Күйеуінен таяқ жеген әйелге көмектесудің орнына қайта күйеуіне қосуға тырысты, отбасындағы зорлық-зомбылыққа көз жұма қарады” деген сын көбейді. Кейбір адам телеарна әйелді жұрттың алдында қорлады деп бағдарламаның жабылуын талап еткен. Көп уақыт өтпей мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева “Бірақ...” бағдарламасының жабылатынын мәлімдеді.

Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО)