Қазақстан мен БАӘ цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті

17.05.2024, 11:11
863
Қазақстан мен БАӘ цифрландыру саласындағы ынтымақтастықты дамытуға ниетті Мемлекеттік органдардың ресми сайты / GOV.KZ

Біріккен Араб Әмірліктерінен делегация келді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 2024 жылғы 15-17 мамырда Қазақстанға Министрлер Кабинеті министрінің бәсекеге қабілеттілік және тәжірибе алмасу мәселелері жөніндегі орынбасары Абдулла Нассер Лута (Abdulla Nasser Lootah) бастаған Біріккен Араб Әмірліктерінен делегация келді.

Сапар барысында цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Мадиев Жаслан Хасенұлымен, ҚР Ұлттық экономика министрлігі мен ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің басшыларымен кездесулер өтті.

Кездесулер барысында цифрлық трансформация және бағдарламалау, Стратегиялық жоспарлау және үкімет қызметін цифрландыру саласында тәжірибе алмасу бойынша өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Сондай-ақ цифрландыру саласындағы жаңа әзірлемелер, стартаптар және Астана хабтың қызметі таныстырылды.

Екіжақты кездесулер шеңберінде Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік органдар басшыларына арналған Мұхаммед бен Рашид мемлекеттік басқару мектебі Executive Leadership бағдарламасы бойынша оқытудың ресми іске қосылуы өтті.

«Бүгін біз Ұлттық акселератордың іске қосылатынын жарияладық. Өзекті проблемалық мәселелерді шешудің 100 күнінде БАӘ-нің жеделдету тәжірибесін зерделей отырып, осы тетікті Ұлттық жобалық кеңседе іске қосуды жөн көрдік.. Мемлекеттік органдармен бірлесіп акселерациялау тақырыптары анықталды. Маңызды бағыттардың бірі - Capacity Building (әлеуетті арттыру), оның шеңберінде ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясымен бірлесіп, Мұхаммед бен Рашид мемлекеттік басқару мектебінің Executive Leadership Program бойынша Мемлекеттік органдардың басшыларын оқытамыз. Яғни, БАӘ-не цифрлық вице - министрлерімізді оқытуға жібереміз, олар жасанды интеллектті қолдана отырып, түрлі салалардағы мемлекеттік басқарудың жаңа тәсілдері мен әдістеріне оқытылатын болады», - деп атап өтті министр Жаслан Мәдиев.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды