Атырауда аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтты

Аиса Махамбет Редактор
17.05.2024, 13:51
1058
Атырауда аудан әкімінің әйелі күйеуінен зәбір көргенін айтты бейнежазбадан алынған кадр

Тағы бір шендінің әйелі күйеуінен зәбір көріп келгенін мәлімдеді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Атырау облысында Мақат ауданы әкімінің әйелі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшырағанын жеткізді.

Әйелдің айтуынша, күйеуі оған бірнеше рет қол көтерген. Зәбір көрген әйелдің видеосы әлеуметтік желіде тарады.

«Бірге тұрған 11 жылдың ішінде балаларымыздың көзінше ұрды. Мәселен, 2021 жылы таңғы сағат 04:00-те мас күйде мені балалардың көзінше ұрып, бетіме жарақат салды. Осыдан кейін амалсыз жедел жәрдем мен полиция шақыруға мәжбүр болдым. Балаларымыз үшін шағымымды қайтып алуымды сұрады. Бұл жағдай 2023 жылғы 31 мамырда тағы қайталанды. Тағы да балалардың көзінше мені теуіп, ұрып-соқты. Мені мүгедек қыламын деп қорқытты. Омыртқам сынып, бір ай жүре алмай қалдым. Осы уақытта өзінің таныстарын пайдаланып, балаларымды тартып алды», - деді зәбір көрген әйел.

Атырау облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, аудан әкіміне қатысты қылмыстық іс ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабының 2-бөлігімен тергелген. Қылмыстық іс ақпан айында сотқа жіберілген.

Ал Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі әзірге пікір білдірген жоқ.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді