5598

«Қарап отырып жылаймын»: Бүркіттің әкесімен түскен видеосы жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО)

«Бала болса, сендей болсын» дейді әншінің тыңдармандары.

«Қарап отырып жылаймын»: Бүркіттің әкесімен түскен видеосы жұрттың жүрегін елжіретті (ВИДЕО)
жеке парақшасынан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, халыққа Бүркіт атымен танылған әнші Айбек Жансейітов Instagram желісіндегі парақшасында әкесімен бірге түскен видео жариялады.

Отандық эстрада жұлдызы аталған видеоны жазбамен толықтырды.

"Жұма мүбәрак. Ниеттеріңіз қабыл болсын", - деді ол.

Мұны көрген көпшілік әншінің әкесіне ұзақ ғұмыр тілеп, жағымды пікір жазып қалдырды.

"Ата-анаңды алақаныңа салып мәпелеп отырсың. Бала болса, сендей болсын, көпке үлгісің. Келін де сондай тамаша жан", "Қарап отырып жылаймын". "Мейрімді ұл екеніңіз көрініп тұр", "Мықтап ұста әкеңді, ол қартайды", "Ата-анамых аман болсын", "Алла разы болсын", "100 жасасын", "Жақсы жігітсің, ризамын", - деп жазды жұрт.

 

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор