1409

Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды

Аталмыш хабарламада алматылық жігіттің денесі 18 мамыр күні табылғаны хабарланған.

Алматыда жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылды
canva.com

Алматы волонтерлері 12 мамыр күні жоғалған 22 жастағы жігіттің денесі табылғанын әлеуметтік желіде хабарлады.

Жазбада 2002 жылғы азаматтың 12 мамыр күні Медеу ауданы, Думан ықшам ауданы, ҚР Тәуелсіздігіне он жыл көшесіндегі үйінен шығып қайтып оралмағаны жазылған. 

Айтылған жағдайға байланысты Алматы қалалық полиция Департаменті қылмыстық іс қозғады.

«Үйінен шығып кетіп, қайтып оралмаған ер адамның мәйіті табылу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ. Тергеу жүргізілуде, сот-медициналық сараптама тағайындалды», – деп хабарлады Алматы қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.