Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты

20.05.2024, 14:46
915
Түркістанда дәрігерлер 7 жасар баланың бауырынан бір уыс құрт алып шықты Otyrar.kz

Түркістан қаласында облыстық клиникалық балалар ауруханасының дәрігерлері 7 жасар баланың бауыр тұсынан бір уыс құртты алып шықты.

Бала ауруханаға Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан жедел түрде жеткізіліп, операцияға жатты. Бұл туралы Халық үні хабарлады.

Түркістан облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, 10 мамырда дәрігерлер науқас оқушыны рентгенге түсіріп, компьютерлік томографиялық, ультрадыбыстық зерттеуден өткізіп, толық тексеру жасаған. Ақ халаттылар операция алдында екі күн науқасты дайындап, бақылап отырған.

13 мамырда аурухананың білікті хирургы, бас дәрігердің орынбасары Сұлтанғали Маутайұлы бастаған дәрігерлер командасы 7 жасар балаға күрделі отаны сәтті жасады. Операция кезінде бауыр тұсынан  15-16 сантиметрге жеткен 9 эхинакокты киста алып шықты, – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасаған otyrar.kz.

Бала 18 мамырда ауруханадан шығарылды. Қазір оның жағдайы жақсы.

Мамандардың айтуынша, бұл ауру ит, мысық және төрт түлік малдан жұғуы мүмкін. Сонымен қатар дұрыс пісірілмеген ауру малдың еті де адам денсаулығына қауіп төндіреді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді