1060

Шымкентте үшем дүниеге келді

Шымкент тұрғыны Айгүл Бақытжанқызы үшем дүниеге әкелді. 24 жастағы жас ана мерзімінен бұрын, яғни жүктіліктің 31-аптасында қалалық перзентханада босанған.

Шымкентте үшем дүниеге келді
instagram.com/gorzdravshymkent
 

Дүниеге келген сәбилердің үшеуі де — ұл бала. Оларға Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед есімдері берілді. 

Нәрестелердің бірінің салмағы — 1580 грамм болса, екіншісі — 1640 грамм боп дүниеге келді. 

Ал үшінші сәбидің салмағы — 1610 грамм. 

Қалалық денсаулық сақтау басқармасындағылар дәрігерлер үшемді алдымен жансақтау бөлімінде бақылауда ұстағанын, тиісті ем-шараларды жасап, кейін палатаға ауыстырғанын айтты.

Салмақ қосып, жағдайы жақсарған сәбилер мен жас ананы бүгін перзентхана қызметкерлері салтанатты рәсіммен үйіне шығарып салды. 

Айта кетейік, Мырзахмет, Нұрмаханбет, Дінмұхаммед — жыл басынан бері Шымкентте дүниеге келген төртінші үшем. 

Биыл қалада 10913 сәби дүниеге келген. Оның 5579-ы — ұл болса, 5334-і — қыз. Егіздердің саны — 107.