"Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні

20.05.2024, 16:23
862
"Ұлы композитордың әндеріне мардымсыз ақша төленеді": Шәмші Қалдаяқовтың келіні caravan.kz

Ботагөз Қалдаяқова «Қазақ вальсінің королі» атанған композитордың хиттері үшін отбасына аз ақша төлейтініне өкпелі екенін мәлімдеді.

Бұл туралы Сaravan.kz сайты хабарлады.

Мысал ретінде ол Қайрат Нұртастың әндерінің авторына төленген төлемдерді келтірді. Оның айтуынша, автор мәтіні үшін 1 миллион теңгеден алады. Ботагөз Қалдаяқова барлық танымал автор мұндай сыйақы алуы керек деп есептейді.

«2019 жылдан кейін төлемдер тоқтатылды. Шәмші Қалдаяқовтың шығармаларын пайдаланғаны үшін бір тоқсанға кеше 22 мың теңге алдық. Бұл әнұраннан бөлек, автордың 55 әні ұшін берілген қаражат. Өйткені қазір әнұран мемлекет меншігі болып табылады», — деді Ботагөз Қалдаяқова.

Осы тұста ол әділет министрлігіне Қазақстандық авторлық құқық қоғамының қызметіне тексеру жүргізуін сұрады.

«Өйткені біз осы мұрагерлеріміз (Қалдаяқовтың әндеріне авторлық құқық – ред. ескертпесі), аталған қоғам мүшесіміз, бірақ біз құқықты шектеп жатқанына наразылық білдіреміз», — деді ол.

Келесі жылы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығы болады. 5 жылдан кейін 100 жылдық мерейтойын атап өтеміз.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды